Іш қуысын аорта басу
1
|
Іш қуысын басуға көрсеткішті анықтау
|
Атониялық қан кетуде бимануальды компрессияға тоқтамаған жағдайда операция бөлмесіне апарғанға дейін осы процесс жүргізіледі. (бұл кезде операция бөлмесі дайын болуы керек)
|
2
|
Босанған әйелдің орналасуы
|
Әйелді шешінген күйінде екі қолын және екі аяғын жазып шалқасынан жатады.
|
3
|
Дәрігердің орналасуы
|
Әйелдің сол жағында тұрады. Оң қолын сан артериясы аймағына қояды. Сол қолын кіндіктен сәл солға жұдырығын бүгіп орналастырады
|
4
|
Ішқуысы аортасын басатын орнын анықтау
|
Сол қолын кіндіктен сәл солға жұдырығын бүгіп орналастырады.
|
5
|
Аорта пульсациясын анықтау
|
Туғаннан кейінгі ерте кезеңде алдыңғы құрсақ қабығасы арқылы оңай анықтауға болады.
|
6
|
Ішқуысы аортасын басу техникасы
|
Дәрігер оң қолының жұдырығын (ішқуысы аортасын басу нүктесі) кіндіктен сәл солға қарай бағыттап қатты екпінмен басады.
|
7
|
Сан артериясын пульсациясын анықтау
|
Дәрігер сол қолының соңғы төрт саусағын біріктіре отырып, жай ғана сан артериясы аймағын басады. Бұл арқылы құрсақ аортасын қысу кезіндегі сан артериясын қанмен толуын бағалайды.
|
8
|
Ішқуысы аортасын басудың орындалуының критериі
|
Іш қуысын аорта басуды 30-40 минут жүргізеді. Яғни, әйелді операция үстеліне апарғанға дейін және қан кетудің алдын алып артерияларды байлағанға дейін іш қуысын аорта басуды жалғастырамыз.
|