Адамдардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы заманауи жетістіктер


Зият жалғыз да тұрақты ішкі қасиет емес, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім түрлі компоненттерден тұрады деген болжам жасауға болады



бет6/13
Дата11.05.2022
өлшемі1,6 Mb.
#142027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1 лек
Сан пин 186-2018 общ питание. rus, Сан пин 186-2018 общ питание. rus, ЭиРАО 111шаблон, ЭиР РАВ 14, 9 лек
Зият жалғыз да тұрақты ішкі қасиет емес, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім түрлі компоненттерден тұрады деген болжам жасауға болады.


Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер


Нейровизуалдандырудың қазіргі заманғы әдістемелері қысқа мерзiмдi жадыда ақпаратты ұйымдастыру және рефлексиялық ойлаудың динамикалық үдерісінің басым бөлігі маңдай бөліктерінде өтетіндігін дәлелдейді (3–4-сурет).



fMRI функционалдық маг- нитрезонанстық томография

PET – позитронды-эмиссия- лық томография

ERP – мидың түрткі салынған әлеуеті












Нақты тапсырманы орындау кезінде ми қызметінің ор- наласуын көруге мүмкіндік береді.

Радиоактивтi изотоптарды енгізгеннен кейін мидың әртүрлi бөлiктерiндегі қан ағысы өлшенедi. Қан ағысы қарқынды болған сайын бел- сенділік арта береді.

Мидағы электр белсенділікті, сондай-ақ белгіленген сти- мулдарға қатысты электр реакциясының жылдамдығын және амплитудасын өлшейді.

  1. сурет. Нейровизуалдандыру әдістемелері

Маңдай бөліктері мидың басқа бөліктерімен жүйке талшықтарымен байланыстырылған, олар:



    • визуалды бейнелерді қабылдау мен жадыда сақтауға жауап беретін мидың артқы бөлімінің желке тұсындағы бөлігі;

    • ауызша және тұжырымдамалық бiлiмдердің сақталуына жауап беретін самай бөліктері;

    • қол және дене рецепторлары орналасқан маңдай бөлігінің артындағы мидың жоғарғы бөлiгiндегi соматосенсор аймағы.

Сонымен бiрге тыңдап қабылдау объектілерi сақталатын маңдай бөліктерімен өзара байла- нысты ми қыртысының өзге де бөліктері бар.



    1. сурет. Ми қыртысының негізгі бөліктері

Жүйке талшықтары маңдай бөліктерінің осы ми орталықтарының әрқайсысында естелік түрінде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Сонымен қатар маңдай бөліктері ми бөлігінде сақталған ақпаратқа қолжетімділік пен оны өңдеуді бақылау қызметін жүзеге асырады. Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі – ақпаратты сұрыптайтын (фокустік) зейін, яғни біз ерекше назар аудару үшін ойдағы ақпаратты шоғырландыра бастаған кезде маңдай бөліктері белсенді бола бастайды (Goswami, 2006). Мысалы, егер бiзден Қазақстан картасының суретiн еске түсіруді сұраса, онда біз, ең алдымен, Қазақстан географиясының жал- пы образын еске аламыз, әрі бастапқыда нақты белгісіне мән бермей, құрлықтық шекаралардың негiзгi сызықтарын көз алдымызға елестетер едік. Алайда, қажет болған жағдайда, әрі сон- дай мақсат қойылса, біз нақты белгілерді сұрыптай бастаймыз, мәселен, Каспий теңізіне не- месе оңтүстiктегi тауларға назар аударамыз. Осылайша, нақты белгілер біздің географиялық танымымызға қарай әртүрлі болуы мүмкін.


Визуалды ақпаратты жалпы еске түсіруге қарағанда, нақты белгілерге саналы назар ауда- ру қабілеті ми қыртысының көру аймақтарына бағытталған жүйке жолдары арқылы маңдай бөліктерінің белсенділігі арқылы іске асырылады.


Қысқа мерзімді жұмыс жадысы және ұзақ мерзімді жады

Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зерттеулер біздің қысқа мерзімді «жұмыс» жа- дысымен қатар ұзақ мерзімді жады иесі екенімізді растады. «Жұмыс» жадысы ұзақ мерзімді жадыдағы ақпаратпен «жұмыс істеуге» мүмкіндік ашады. Басқаша айтқанда – ақпаратты белсенді ұйымдастыру, өзара байланыс орнату немесе оны белгілі бір мақсат үшін, айталық, есепті шығару, проблемаларды шешу, тілдесу мақсатында қолдану үшін дайындау немесе іштей ойлану арқылы ұзақ мерзімді жады мүмкіндіктерін өрістету. Ұзақ мерзімді жады қажет кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипаттала- ды. Жұмыс жадысы серпінділікке бейім және ұзақ мерзімге созылмайды (бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін ғана). Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы мүмкін. Мысалы, біреу Сізден дарынды оқушылар тобын оқыту үшін таптырмас үміткер бола алатын студентті ұсынуды өтінді делік. Сіз студенттеріңіз жөніндегі негізгі ақпараттар қоры сақталғанына шек келтірместен, ұзаққа сақталған жадыдағы ақпаратқа сәйкес визуалды және семантикалық (вербалды) ақпарат көздерін сұрыптай отырып, талапқа сай студенттер тура- лы ақпаратты жұмыс жадыңызға тасымалдап, қарастыра бастайсыз. Тікелей немесе жанама түрде Сіз дарынды оқушыларды бағалауға арналған белгілі бір өлшемдерді саралап, Сіздің ойыңызша осы талап үдесінен шығатын адамдар тізімін жасай бастайсыз. Ұзақ мерзімді жады- ны бағалау, ақпаратты тасымалдау және мақсатқа жету үшін оны рефлексиялық өңдеу үдерісі жұмыс жадысында жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет