Өзін өзі сыйлау«мен» тұжырымдамасының бағалау және эмоциялық параметрлерiне жата- ды. Ол екi компоненттен тұрады – жеке тұлғаның пікірінше оның қаншалықты қабылданғанын және бағаланғанын анықтайтын құндылық компоненті және жеке тұлға өзін нақты рөлде қабiлеттi және құзырлымын деп санайтындығын анықтайтын тиiмдiлiк компоненті (Bandura, 2001).
Өзін өзі бақылаунемесе өзіндік «мен»-іне қолдау көрсетіп, нығайту үшін кері байланыс орнату басқа адамдар не дейтінін жорамалдау арқылы реттілікті орнату қажеттігінен туын- дайды. Дәл өзін өзі бақылау арқылы индивидтер өздеріне қатысты шынайы түсінік негіздерін қарастырады және жүйелейді. Дегенмен, олар өзгерістер мен қиындықтарға төзімді болуы мүмкін.
Атрибуция теориясына сәйкес, индивидтердің табысқа қол жеткізуі немесе сәтсіздіктерден қашуы олардың өз жетістіктерін түсіндіруіне байланысты болады.