«Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.» Макаренко Антон Семенович. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»



Дата25.01.2017
өлшемі111,01 Kb.
#7770
Баяндама

« Жаңа инновациялық ТТШТ (тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы) технологиясын қолдану арқылы мектепке дейіні балалардың тіл байлықтарын дамыту»



«Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.»

Макаренко Антон Семенович.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейіне көтерілу болып табылады» делінген. Сонымен қатар, бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу қажеттігін баса айтты.

Сондықтан, елімізді дамытудың қазіргі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлары және жоғары дамыған елдердің тәжірибесі білім берудің мазмұнын, әдістерін жаңарту және жетілдіру қажеттілігін тудырады.

Ең алдымен ТТШТ (тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы)– педагогика түсінігін анықтап алайық. Бұл ең жас, әрі кең тараған таныс педагогикалық инновациялық жүйе. Ол – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген. Оны Ресейлік ғалым және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллер жасаған.


Бұл технологияның мақсаты - тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін-өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады. Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет: «Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы». Оның мақсаты – баланыжеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына денсаулық сақтау технологиясы, жобалы-іс шығармашылығы, ізденіс-шығармашылық технологиясы, қатынастық-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы және ТТШТ(ТРИЗ) технологиясы және т.б. кіреді.

Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану. Технологияның мақсаты баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үш негізгі мақсат қарастырылған:


  1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр- түсін ,пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету.

  2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3- 5 сөзден тұратын сөйлем құрату.

  3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек), Тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім,сұр ішік,сұр қоян)
    -Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады).

ТТШТ технологиясының «Кері айт», «Морфологиялық талдау», «Жұлдызқұрттар», «Сиқыршылар», «Сиқырлы жол», «Алты қалпақ», «Сағат», «Жүйелі оператор» т.б. атты ойындармен көп ойнаймыз. Мысалы, «кері айт» ойынында сызба арқылы балаларға көрсетіліп,салыстыру, яғни, антоним сөздерді тез үйренулеріне көп көмегін тигізеді.Бірақ, басында әрине қиыншылық туды себебі,әр сөздің мағынасын түсініп, мысылы оның неге зұлым неге мейрімді екенін түсініріп, ашу керек болатын.Сондықтан да әр сабақта біз доппен лақытыру арқылы қарапайым сөздірдің қарама-қарсы мағыналарын табатыңбыз.Ол былай болатын:ақ-қара,жылы-суық,терең-таяз,биік-аласа,үлкен-кішкентай,аз-көп,жарық-қараңғы т.б.

Мен әр балаланың алдына осы сөздердің мағынасына ыңғайлы етіп карточкалар жасап бердім.Егер мен қараңғы десем,олар маған жарықтың суретінің сызбасын көрсетіп беретін.Одан кейін мектепке дейінгі топтың балаларына қиындата адамның мінезін аша бастадық.Сөйтіп әр сабақта ертегілір болсын,өзін жайлы болсын әңгіме өткізгенде осы ойынды қолданатынмын.Нәтижесі орташа деңгейді көрсетті.

Балаларға ертегі кейіпкерлерінің жағымды,жағымсыз түрлерін антоним түрде айтып толық мағынасын ашып айтады.Тіл дамыту сабағында үнемі жақсы көрсеткіш көрсетеді.Еңбекқор-жалқау.Пайдалы-зиян.Мейрімді-зұлым.Жомарт-саран.



Ал, «морфологиялық талдау» ойыны кез келген бейнені,затты толық талдау бойынша,бұл не?,түсі,пішіні,көлемі,немен шұғылданады,не істеді,қайтты деген сұрақтарға толық жауап алынып,суретті көрнекілік ретінде немесе слайд түрінде көрсетілді.Ойынның түп мақсаты зат есім,сын есім,есімдік,етістік лексикалық талдау болып саналады және осы технологияда балалардың тіл байлықтары дамып,өз ойларынан немен келді,қай жақтан келді?, деп ойлап тауып жеке-жеке жұп болып кез келген затты толығымен ашып айта алды.Бұл ойындарға арнайы орталық құрылып,балалар қол жетімді жерге қойылып,кез келген уақытта олар өз беттерімен ойнай алатындай етіп жасалдым.

Мысалы, сабақ тақырыбы: «Ертегілер құру». .Мақсаты:жаңаша ертегіні құрып беру болатын.Мысалы, үйшік ертегісі бойынша құру. Балаларды екі топқа бөлу. Бір топқа киімдерді жаңдандырып, ертегі құру,ал екінші топқа көліктерді жаңдандыру.Осы ойынды балалар қызығушылық танытып,өте белсене қатысып,заттарды сөйлеттіріп,бір-біріне қарап,мыныу қазір не айтады,қалай өзін таныстыра екен деп,айтсайшы,айтсайшы деп ұмтылып,бірі-бірін сөйлетіп әлек болып жатады.Мен бұл ойынды бос уақыттарында да ойната беремін.Тек көлік емес ыдыстырды,жиһаздарды,музыкалық аспаптарды да жаңдаңдырып, бір-бірімен сөйлестіріп,достастырып,кел сен менімен дос болу үшін қандай ерекшелігін бар немесе қандай айырмашылығын,ұқсастығын бар деп сұрастырып жатады.Ойын барысында үндемейтін балаларда бар ынталарын салып өзін таныстырып сол бейнеге немесе кейіпкерге еніп таласып тарпалысып жатады.

«Сиқыршылар» деген ойын ол да бір ерекше бөлім болып табылады.Кез келген картинканы талдауға арналған технология. Мысалы мен осы сиқыршылыр түріне тоқталсам:сиқыршы «бәрін бөл»,сиқыршы «бәрін қос»,сиқыршы «мен бәрін естіп тұрмын»,сиқыршы «бәрін иіскеймін», сиқыршы «бәрінің дәмін татамын», сиқыршы «бәрін қолымен сипаймын және сезімін»,сиқыршы «уақыт көлігі».Міне,балалардың алдына үлкен картина қойылады,қолдарына дүрбі беріледі, бір баланы ата сиқыршы қылып киіндіріп қойып,ол есік қағып кіріп,балалармен амандасып,өз тапсырмасын ұсынады.Маған бұл картинанадан барлығын бөліп беріңдер дейді.Балалар іске кірісіп,өздеріне ұнаған бөліктерді бөліп алады.

Қосады,дыбыстайды,дәмін татады,сипайды елестетіп сезеді, уақыт көлігі олардың жас кезімен кәрі кезін болжап айтып береді.Негізінде бөліп алу онайға түседі ал сипап сезу дегенде балалар елестете аламай өз ойларын толық жеткізе алмай қалады,ағаштын қандай екенін немесе осы картинадағы тиіннің жүнін айтып беретін.Кейде өзім көмек беріп,балалар жалғасын айтып картинканы толық ашып аяқтайтынбыз.

Инновациялық технологияларды қолдану арқылы ересек және мектепке дейінгі топтарда жоғарыдағы айтылған мақсатқа жеттік. 100 пайыз демесем де, 70 пайыз ауызша еркін сөйлеуге,айналадағы дүниенің табиғатын бақылай білуге, сұрақтарды еркін қоя білулеріне үйренді. Күрделі сөйлем құрай алып, оның мағыналарын аша білуге үйренді.



ТТШТ технологиясы балалардың танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті.

Қорытынды: «Кез-келген адам басқалардың және оның білімін кемеліне келтіруіне көмектеспесе, өзінің де білімін кемеліне келтіре алмайды» Чарльз Диккенс деген сөзімен қорытындылаймын. Өзіміз, өз қолымызбен , өз қиялымызбен жасай білейік. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет