Адамгершілік қарым -қатынастың тәлімдік маңызы



Дата14.12.2021
өлшемі17,25 Kb.
#100610
Байланысты:
эссе адамгершілік


Эссе

Адамгершілік қарым -қатынастың тәлімдік маңызы

Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Жүрекке адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.


Адамгершілік -сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қалыптасады.

Адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды- мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.

Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал -мәтелдерден байқауға болады.



Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
Адамның ұяты бетінде .

Қорыта айтқанда адамгершілік қасиет қарым – қатынаста алатын орны ерекше .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет