Бұлшықеттің жұмысы. Тіршілікте қаңқа бұлшықеттері организмнің кеңістіктегі алуан түрлі қимыл-қозғалысын қамтамасыз етеді және жүк көтеріп ұстап түра алады немесе оны белгілі бір жерге дейін жылжытып апарады. Мүның бәрі статикалық және динамикалық жұмыс болып есептеледі. Математикалық тұрғыдан қарағанда жұмыс мынандай теңдікпен анықталады: W = L x D, мұнда W –атқарылатын жұмыс, L – жүктеме (ауырлық), D – қашықтық. Жұмыс «Джоуль»- мен немесе «кгм»-мен белгіленеді. Жұмыс атқарудағы бұлшықеттің жиырылуына қажет энергия көздері: АҮФ, креатинфосфат концентрациясы, ет жасушаларында жинақталған гликогеннің ыдырауы (гликолиз) және ет жасушасындағы тотықтырушы метаболизм. Жұмыс істегенде көтеретін ауырлықтың мөлшері орташа болса, жұмыс нәтижелі және ұзақ атқарылады. Бұл жұмыстың орташа ауырлық заңы. Жұмыс нәтижесі және тиімділігі оның ырғағына (ритміне) да байланысты. Орташа ырғақты жұмыс істегенде адамның жұмыскерлігі ұзаққа созылып, жұмыс көп істеледі. Мұны жұмыстың орташа ырғақ заңы деп айтады.