2.Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас және өмір сапасы.
Адам мен табиғат арасындағы қатынас-динамикалық арақатынас.Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады,байланыс табиғатты бағындырумен,иемденумен ғана емес,сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады.Қоршаған ортаның және әлеуметтік элементтері тығыз байланысты.Ол байланыс әлеуметтік элементтердің,әлеуметтік жаратылулардың табиғи элеметтерге,табиғи ортаға арақатынасымен айқындалып қана қоймай,табиғи элементтердің әлеуметтікке,әлеуметтік ортаға,мәдениетке әсер етуімен айқындалады.Баяғы көне заманнан бастап әлемнің бүтіндігі туралы идеясы бар болды және макрокосмос «Әлем мен микрокосмос» Адам арасында ұқсастық тұжырымдамасы дамыған.Шығыстың ұлы энциклопедияшыл ғалымы Абу Райхан Беруни мың жыл бұрын айтқан:Адамның денесі әлеммен бірдей.Адамның табиғатпен арақатынасы-мәңгілік және әрқашан заманауи,өйткені адам өзінің пайда болуымен,тіршілігімен және болашағымен табиғи ортамен байланысты.Табиғаттың элементі ретінде ол табиғат-қоғам деген күрделі жүйенің бір бөлігі болып келеді .Қоршаған орта түсінігіне адамның қолымен жасалған нысандар кірмейді(ғимараттар,автокөліктер және т.б),өйткені олар бүкіл қоғамды емес,жеке адамдарды ғана қоршап тұр.Бірақ адамның қызметі арқылы өзгерген табиғат телімдері(қалалар,ауыл ашруашылығы жерлері,су қоймалары,орман алқаптары)қоғам ортасын түзгендіктен,қоршаған ортаға кіреді.Қоршаған орта(ҚО)- адам мен басқа да тірі ағзаларды қоршап тұрған табиғи орта,адам қолымен жасалған материалдық құрамдас бөліктер,құбылыстар мен үдерістер,соедай-ақ әлеуметтік-экономикалық құрауыштар.ҚО келесі қызметтерді орындайды:қор өндіру,орта түзу,табиғат қорғау және мкдициналық-географиялық,санитарлық-гигиеналық,эстетикалық-психологиялық.Н.Ф.Реймерс бойынша адамды қоршап тұрған орта өзара байланысқан төрт құрауыш-жүйешелерден тұрады:
Табиғи ортаның өзінен;
Туындалған агротехникалық ортадан-екінші табиғаттан немесе квазитабиғи ортадан;
Жасанды ортадан-үшінші ортадан немесе артетабиғи ортадан;
Әлеуметтік ортадан;
Екінші табиғат немес квазитабиғи орта – табиғи ортаның адам қолымен жасалған жүйелі,өзін өзі қолдаушы қасиетінің болмауымен сипатталған,барлық түрленулері (жыртылған жерлер,мәдени ландшафтар және т.б.;ыза жолдар,жасыл желектер).Бұл түзілімдердің бәрінің тегі табиғи,бұлар табиғатта жоқ,жасандылар емес,тек түрлендірілген табиғи орта болып табылады.Үшінші табиғат немесе артетабиғи орта-адамның қолымен жасалған барлық жасанды,табиғи ортада заттық-энергетикалық ұқсастығы жоқ,оған жат және жаңартып отырмаса,тез арада қирайтын әлем.Бұларға заманауи қалалардың асфальт жолдарын,бетонды,тіршілік пен қызмет орындарының ішкі кеңістігін,технологиялық құрылғыларды,көлік нысандарын,жиһаздарды және басқа заттарды,барлық синтетикалық заттарды және т.б жатқызуға болады.Заманауи адамды негізінен артетабиғи орта қоршайды. Өмір сүру сапасы ұғымының әртүрлі түсінігі бар,өйткені оны әртүрлі тұрғыдан қарастыруға болады:физикалық,медициналық,экономикалық,экологиялық және әлеуметтанулық.Өмір сапасының ерекшелігі болып келетіні тұрғындардың тіршілік деңгейі.Өмір сапасы мен ҚО сапасының өзара байлыныстылығын заманауи экологиялық дағдарыс нәтижесінде пайда болған адамның биологиялық болмысын жеңу көзқарасынан қарастыру қажет.Ол түсініктердің өзара байлыныстылығын әлеуметтік тұрғыдан адам биологиялық деңгейде қалыптасқан(қазірде дамып келеді)және оны қоршаған табиғи ортадан(ҚТО) бөліп әкетуге болмайды деп қарастырған жөн.Сондықтан өмір сапасы мен ҚО сапасын бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды.ҚТО экологиялық тепе-теңдік бұзылысымен өмі сапасының проблемасы шыға келеді.Өмі сапасы-адам сапасының белгілі бір қоғамдық жағдайда қамтамасыз етілуі.Сұраныс сәйкес тәсімен белгілі бір ауқымда және құндылық бағыт шеңберінде орындалады деп ойлаудан ондай қамтамасыздандырудан адам ләззат алу керек.Көптеген ағзаға жат қосылыстардан адамның ішіне тамақпен,ауамен және сумен шамамен 100 мың улы немесе керексіз зат түседі екен.Үшінші әлем тұрғындарының (14) бөлігі тамаққа тоймайды.ТМД елдерінің басым бөлігін кедейлер-70%,орта топ-20%,аухаттылар-10%.Дамыған елдерде мемлекеттің бар тұрғыны орта топтың (75%) есебінен құралады,кедейлер тек 10% құрайды.Нәтижесінде кедей халық тіршілігін сақтап қалу үшін ҚТО қорларын тауысуға мәжбүр болады,бірақ онымен байып кетпейді.Сонымен байлар әрі қарай баииды,кедейлер-кедейлене береді.Экономикалық даму – тұрғындар санының артуы.Сондықтан өмір сапасын көтеру үшін ең алдымен азық-түлік өндірісін ұлғайту керек.Ал ауылшаруашылығы өнімдерін шексіз өндіре беру мүмкін емес,сонда өмір сапасын жақсарту үшін адам санының өсу санын қысқарту керек.Әрине дамушы елдер туралы айтқанда,мұнай өндіруші Таяу және Орталық Шығыс елдері туралы әңгіме өзгеше.Азық-түлік проблемасын шешу үшін үшінші әлем мемлекеттерінің аграралық секторына тән бүтін жүйесінің қарама-қайшылығынан арылу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |