Адамның табиғатпен қарым-қатынас мәдениеті


Қоғамды экологияландыру мәселесі және экологиялық сананы қалыптастыру



бет4/4
Дата12.09.2020
өлшемі31,69 Kb.
#78299
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (1)

3.Қоғамды экологияландыру мәселесі және экологиялық сананы қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа технологиялық мүмкіндіктері айқындалып,еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайындағы қоғамды экологияландыру мәселесі қамтылады.БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдердің қатарына жатқызады.Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде.Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті номрмативтік -құқылық базалар,экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде олар заңдар,ережелер өз деңгейінде жұмыс істемей жатыр.Мұның бір себебі,азаматтардың экологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі.Экологиялық мәдениет – бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы,табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі.Қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділіге қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі.Табиғи тұрғыдан бағдарласақ,адамның өмір тіршілігінің,қызмет-әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестері.Олар заттардан әлдеқайда бұрын пайда болған,адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді.Қоршаған ортаны танып білу,игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айнала алады.Мұны ғалымдар екінші табиғат деп атайды.

Ұлы Абай өзінің қарасөздерінде табиғат туралы филослфиялық ой-пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап,табиғаттың бар байлығын адам баласының аузына тосып,таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келе,Кім өзіне махаббат қылса,сен де оған махаббат қылмағың парыз,-деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндеге,белгілі.Білім беруді экологияландыру мәселелері В.М.Назаренко,Д.П.Ерыгина,Г.В.Мисичкено,Л.А.Коробейников,Г.М.Чернобельская,Н.Е.Кузнецова т.б жұмыстарында қарастырылған.Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесінде,атап айтқанда:Ресейде(Голубец М.А ,Захлебный Н.А ,Иоганзен Б.Г ,Кучер Т.В ,Миронов А.В ,Соломино С.Н ,Тихонова А.Е) Өзбекстанда (Тұрдықұлов Э.А , Хакимов Э) және Қазақстанда (Аймағанбетова Қ, Бейсенова Ә.С ,Бірмағанбетов Ә.Б ,Жатқанбаев Ж.Ж ,Жүнісова К.Ж ,Чилдебаев Д.Б ,Тілеубергенов С.Т ,Торманов Н.Т ,Сыдыкова З.Е ,Турабаева Г ,Койбагарова Б.Х ,Смирнова Г.М) экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін,мазмұнын,ұйымдастыру жолдары мен әдістерін қарастырғаны айқындалады.Демек, философтардың,педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық тәрбие беруді экологиялық сана,экологиялық таным,экологиялық қарым-қатынас,экологиялық сезім,экологиялық іс-әрекет,экологиялық көзқарас,экологиялық қызығушылық ұғымдарымен бірлікте қарастырғанын байқаймыз.Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымында пәндерді эколгияландыру дегеніміз-дәстүрлі пәндерді оқыту барысында тақырыптардың мазмұнын қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен байыту – деп көрсеткен.

Экология ғылымының негіздерін оқу пәндерінің мазмұнына өңдеу -бұл білімді экологияландырудың бірінші міндеті,екінші- пәндерді оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.

Экологиялық сана – экология саласындағы мәселелерді шешу,ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді.Экологиялық сана,экологиялық білім,табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзүандармен өзіндік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті,сол себепті эколгиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарад.

.Қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру процесі.Оны жүзеге асыру экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді дамыту,ғылыми қамтамасыз ету,экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысу жолымен жүргізіледі.Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуның өзекті бағыттарының бірі.Экологиялық білім беру -бұл табиғатты пайдалудың дайындау,іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқуыту жүйесі.



Экологиялық білім – қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді,әдетті,ептілікті,икемдікті қамтиды.Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп,кадрларға білім беру,оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады.Мысалы,Жапония-табиғатты қорғау саясатында үлкен жетістіктерге жеткен мемлекет.60-шы жылдардың соңындағы үлкен экологиялық қарсылықтар мемлекеттік табиғат қорғау жүйесін құруға алып келді.Ол кездері жүргізілген саясат тек экономикалық өсуді ғана алға мақсат етіп қойып,қоршаған ортаның жайы еш ескерілмеді.70-ші жылдардың бас кезінде қоғамдың пікірлерлің қысымымен Ұлттық экологиялық стратергия іске аса бастады.Қазір Жапония экологиялық саясаты жағынан дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі.60-70-ші жылдардағы АҚШ-тағы осындай жағдай да үкіметті экономикалық проблемалды шешуге мәжбүр етті.Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жаөсартуға бағытталған тағы бір шара-табиғат байлықтарын тұтыну ақылға сиымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою.Халықьың экологиялық санасын қадыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады.Олар:экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру,экологиялық этиканы,экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.Аталған ғылыми негізделген мәселелерді жүйелі және кешенді түрде жүзеге асыру қоғамды экологияландырудың негізгі іргетастарының бірі болып есептеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет