Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы.
Жоспары: 1 Оқу пәні ретінде дене тәрбиесі әдістемесінің міндеті, мақсаты, пәннің объектісі
2. Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінін негіздері
3. Дене тәрбиесінің міндеттері (Сауықтыру , білім беру, тәрбиелік міндеттері)
Маќсаты: Студенттерге дене тєрбиесін теориясымен оќыту єдістемесі пєні жайлы т‰сінік беру жєне пєнніњ маќсат, міндеттерімен, ерекшеліктерін ±ѓындыру.
Мєтіні: Оқу пәні ретінде дене тәрбиесі әдістемесінің міндеті, мақсаты Дене шынықтыру пәнін оқытудың басты мақсаты: оқушының дара қабілеттерін айқындауға, өздігінен жетілуіне ықпал етуге бағытталған, оның мәдениетін қалыптастыру, жалпы дамытушы бағыттағы дене жаттығулармен қаруландыру.
Пәнді оқытудың басты міндеттері: -дене жаттығуларымен шұғылданудың мәдени -тарихи, физиологиялық негіздері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыруы; -саналы түрде қимыл-қозғалыстар орындауға, оларды дене мүшелеріне ақтылы ықпал ету жолдарына үйрету; -таныс жаттығуларды күрделендіріп жаңа жаттығуларды үйрету арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту; -дене жаттығуларын орындау біліктілігін арттыру арқылы дене
бітімін қалыптастырып, қимыл-қозғалыс мәдениетін қабілеттерін жетілдіру; -дене жаттығуларымен өз беттерімен шұғылдануға жағдай жасап, ұйымдастырушылық біліктілігін қалыптастыру.
Осы т±рғыда оқушыларға жүктелетін міндеттер.
а) дене тәрбиесі сабақтарына оқу кестесі бойынша тұрақты түрде қатысу;
ә) студенттік емхана белгіленген мерзімге дәрігерлік тексерістен өту және денсаулық пен денешынықтырушының дамуына өзіндік бақылау жүргізу;
б) шынығу және функционалдық дайындығын анықтау үшін белгіленген даму деңгейінің көрсеткіштерін орындау;
в) ұсынылған қозғалыс тәртібін ескере отырып, тәңертеңгілік бой азу жаттығулармен, спортпен, туризммен, тұрақты түрде өз бетінше шұғылдану;
г) денсаулықты нығайту, денешынықтыру дайындығымен спорттық шеберлікті арттыру;
д) күн тәртібіндегі оқу, демалыс пен тамақтанудың тиімді
ережесін сақтау;
е) денешықтыру спорт топтары мен кластарының ауданда,
қалада, және республикада өткізілетін бұқаралық және сауықтыру жұмыстары мен шараларына белсенді қатысу;