Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет14/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Сабақтың қорытынды бөлімі әр түрлі күш қуаты дәрежесімен қозғалысты еркін орындай білуге біртіндеп күшін, қарқынын, жатығу жылдамдығын төмендетіп түсіру, назарын оқуға, еңбекке, демалысқа аудара білуге үйрету. Жеңіл жаттығулар таңдап алынады: жеңіл жүру, жүру, қарапайым қозғалыстар. Үйге берілген тапсырмаға ерекше назар аудару керек. Сабақтар мен дене тәрбиесі жүйесінің бөлшегі ғана, өз бетінше жаттығумен, жарысқа қатысумен, ойынмен т.б толықтырылады. Үй тапсырмасын бағаламау шұғылданудың сабақтың және сабақтан тыс жұмыс түрлерінің байланысын бұзады.
4. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдардың ерекшеліктері.
К.Д.Утинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік-балалардың психалогиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Көрнекі құралдарды көрсету қозғалыс әрекетінің заттық бейнесін ұғып қабылдауға арналған. Көрсетудің нақтылы педагогикалық міндеттерімен байланысқанда ғана дидактикалық маңызы болады. Оның көмекші болып талапқа сай тиімді әсері болуы басқа әдістермен үйлестірілгенде ғана іске асады.Көрнекі құрал мөлшері, көлемі, түрі, түсі, маңызы, мазмұны және өз элементтерін сызбалық (графикалық) кескіндеулерді түйсіну, ұғыну принциптеріне сәйкес болуы тиіс. Әрбір көрнекі құралдың түрін көрсетуде кейбір әдістемелік ережелер есепке алынып жүргізіледі.
Плакат (мәтіні қысқа, нақты әрі ұтымды сурет) қозғалыс әрекетін көрсету кезінде түсіндірілуі, көрсетілуі қиын сәттерді дәл көрсетуі тиіс. Сондықтан кескіндеу оқушылардың майда бөлшектерге көңіл аударып, басты мәселеден ауытқымауынан сақтандыруы қажет. Әсіресе мазмұнына қарай ең маңыздысы, ең бағалы, құндысы қозғалыс әрекетінде дәйектілік, бірізділік және қозғалыстың бір уақытта орындалуын кескіндеп көрсететін плакаттар болып табылады.
Егер мұғалім эстетикалық жағынан жақсы кескіндей алса, плакатқа сурет салуда басымдылық қабілеті болса тақтаға бормен салынған кескіндеме суреттерді пайдалануға болады.
Біріншіден қозғалыс әрекетінің элементтерінің жекелеген кескіндерін бірізділікпен салып, кезекті қозғалыс кезеңдерінде әдістің негізгі және бөлшектері жайлы барынша есте қаларлықтай мағлұмат беруге болады.
Екіншіден, сурет өте қарапайым, оқушылардың назарын аудармайтындай бөлшектермен миды ашытатындай үйіп тасталмаған болуы тиіс.
Үшіншіден, тақтаға салынған сурет шапшаң, тез, қолма-қол көрсету әдісі болып табылады. Мұны мұғалім сабақтың кез келген уақытында қосымша уақыт шығындамай пайдалануына болады.
Салынған сурет. Оқушылардың өздерінің нұсқалы пішін түрінде салған суреті оның өзінің жеке қозғалыс әрекетін ұғынуына, графикалық айтуына, көрнекі түрде ойланып орындауына, өзінің қателігін табуына мүмкіндік береді.
Пәндік оқу құралы. Пәндік оқу құралы салыстырмалы түрде шектелген дидактикалық мүмкіндіктермен қабілетті болады. Көлемдік және жазықтық топсалы үлгілері дененің жекелеген мүшелерінің қозғалыстарын, қозғалыс траекториясы мен амплитудасын, кеңістіктегі дененің қозғалысын көрсетуге мүмкіндік береді.
Кинофильм. Педагогикалық қызмет барысында кинофильмді көрсетудің барлық техникалық қиындықтарына қарамастан орасан зор дидактикалық мүмкіндіктері бар.
Кинофильмнің көмегімен жоғары спорттық шеберлігі деңгейінде қозғалыс әрекетін орындауды көп рет қайталап көрсетуге, сонымен бірге әр түрлі жазықтықта оның бөлшектерін үлкейтіп, дәл көрсетуге болады. Қозғалысты көрнекілікпен қабылдау үшін, оны жоғары жиілікпен түсірген кинофильмнің үлкен маңызы бар. Кинофильмнің түсіру жылдамдығынан аз жылдамдықпен шығарылған кескіні киноэкранда баяулатылған қозғалысты, яғни оның барлық қозғалыс-қимыл бөлшектерін қарап, көруге мүмкіндік береді.
Дыбыспен және сәулемен белгі беру қозғалыс әрекетінің (немесе жеке қозғалыстың) басталуы және аяқталуы үшін қажетті есіту және көру бағдарларын жасайды, белгілі бір қозғалыс қарқынының бағытын, амплитудасын және т.б туғызады.
Қозғалыс әрекетінің орындалуы жайлы жедел хабар беру үшін арнайы құралдар, электро нысана, электродыбыс лидерлері кең тарай бастады (Мысалы, гимнаст тербелісінің мөлшері).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет