Фронталді әдіс- оқу материалы бойынша барлық оқушылармен бір уақытта жұмыс істейді.
Сабақты топпен өткізу әдісі-оқушылар топтарға бөлініп, әр топ жеке тапсырмалар алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында ұстап, бір топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немесе кезекпен бірінен кейін келесі топқа өтеді.
Жеке өткізу әдісі-Әрбір оқушы жеке тапсырма алып, оны өздігінен орындайды. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағының фронталді әдіспен жиі өткізеді, жас ерекшелігіне қарай олар қозғалыстағы қажетті мүмкіндікті меңгеруге қабілетсіз. Топтық әдісті-спортшы, гимнастармен, жеке әдісті-жеңіл атлеттермен жүргізген тиімді.
Сабақтың басталуы фроньталды әдіс, негізгі бөлімде топқа бөлінеді, олармен жеке жұмыс жүргізіледі, сабақтың соңында қайтадан фроньталді әдіспен аяқтайды.
Көмекші- құралын күшейту үшін спорт қондырғыларын орнату, жинау, ауырлықты алып жүруді үйрету, ұжымдағы тәртіпті, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу үшін пайдаланылады. Қозғалыс тәсілінің мына элементтеріне назар аударыңдар және оны топтағы оқушылардың қаншалықты меңгергенін талдауға тырысыңдар деп өз бетінше және жалпы дамыту жаттығуларын ұсынады, зерттеу, үйрету үшін минограмма, сызба үлгі, суреттер т.б береді.
Әңгіме, кеңес беру, тапқырлықты, ептілікті, қиын жағдайда жол таба білуге талап етілетін шұғылданушылардың алдына міндет қою. Сабақтың әдістемесін анықтайтын 2 тәсіл бар: бір уақытта және кезекпен 1-шісінде оқушылар қызмет түрлерін барлық түрін орындайды. 2-ші әрқайсысы кезекпен орындайды. Екі әдіспен оқушылар үзіліссіз (ағыммен) немесе арақашықтықпен жұмыс істейді. Үзіліссіз, толассыз орындаудың мәні оқушылар жаттығуларды бірінен кейін бірін дем алмай орындайды. Сабақты өткізу барысында жарақат алмау жолдарына назар аудару қажет. Мыс: жаттығулар орындау кезінде (суға секіру, антробатика, семсерлесу, спорттық) құлау, қарсыластың қаты соққысы, ауруды сезіну алдын ала ескерілетін шара. Дәрігерге дейінгі көмек дене жаттығулары сабағында мұғалім жұмысының маңызды жақтарыының бірі.
Спорт қондырғыларын жинау, сабақтың аяқталуына қарай сапқа қайта тұру.
Достарыңызбен бөлісу: |