Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет21/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Қимыл – қозғалыс ойындары арнайы дайындықты талап етпейді. Жалпы дене дайындығы бағытында іске асырылады; олар еркін әр түрлі қимылдарды орындаумен анықталады, сонымен қатар мазмұны мен ережесіне сәйкес үлкен бұлшық ет топтарына әсерін тигізеді. Спорттық ойындарға спорттың барлық белгілері бар ойындар жатады: ойнаушылардан спорттық іскерлікті, дайындықты талап етеді.
Спорттық ойындар топтың немесе жеке адамдардың жеңіске, нәтижеге жетуімен аяқталады. Спорттық ойындар қимыл – қозғалыс ойындарынан орындалу техникасы, ереженің күрделілігі, ойын жағдайының нақтылығымен ерекшеленеді.
Саяхатқа шығу қимыл – қозғалыстық дағдыларды нығайтуға және дене қасиеттерін табиғи жағдайларда дамытуға мүмкіндік береді.
Саяхатқа шығу оқушылардың жан – жақты дамуының негізгі құралы ретінде денені шынықтыру, дененің сапалық қасиеттерін тәрбиелеу, жағымды дағдыларды тәрбиелеу болып табылады.
Саяхатқа шығу – дұрыс жүру, секіру, жүзу, өрмелеу, затты апару, әр түрлі табиғи және жасанды кедергілерден өте білу, қыс кезінде шаңғымен жүре білу іскерліктерімен байланысты.
Жаратылыстың табиғи күштері. Дене тәрбиесінің құралдарының ішінде жаратылыстың табиғи күштері – күн, ауа, су, маңызды орын алады. Жаратылыстың табиғи күштерін тиімді пайдалану денсаулықты нығайтады, ағзаны шынықтырады. Дене шынықтыруда бұл құралды дене жаттығуымен ұштастырып, өз еркімен пайдалануға болады. Жаратылыстың табиғи күштері балабақшаларда, мектептерде, оқу орындарында, өндірісте, демалыс орындарында, стадиондарда, су кешендерінде, жазғы оқушылар демалыс лагерінде кең ауқымда қолданылады.
Гигиеналық жағдай. Дене шынықтыруға қажетті гигиеналық жағдайды сақтау негізгі орын алады. Күнделікті өмірде күн кестесін нақты тәртіп бойынша ұйымдастыру; еңбек, демалы, ұйқы, тамақтану сәттерінде уақытты тиімді пайдалану болып табылады. Тәртіпті сақтау денсаулықты нығайтады, жағымды көңіл – күй тудырады және дене жаттығуларын игеруге неғұрлым қолайлы жағдай жасайды.
Оқушылардың күн кестесі: ертеңгілік гимнастиканы су процедурасымен ұйымдастыру, мектептегі оқу мен үй жұмысына уақытты тиімді пайдалану, спортпен айналысу, таза ауадағы серуен, ойын, кітап оқу, өзінің сүйікті ісімен айналысу, пайдалы қажетті іс - шаралаға қатысудан тұрады. Күн тәртібінде, сондай – ақ нақты уақытылы тамақтану, демалыс, ұйқыға дайындық жатады. Күн тәртібін тиімді пайдалану дене шынықтырудың әрптүрлі құралын біріктіріп, оларды дұрыс пайдалануды реттеп отырады.
Гигиеналық жағдайларға – дене шынықтыруы мен айналысушының жеке гигиенасы жатады. Жеке гигиена – барлық іс – шаралар кешені, адам денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету кепілі.
Жеке гигиенаның негізгі талаптары – дененің тазалығы және оны күте білу, киім тазалығы, жұмыс орыны жайлылығы, жеке басына қажетті заттарды ұқыпты ұстау. Мектеп оқушыларының жеке гигиенасына оқу озаттарына, кітапқа, дәптерге ұқыпты қарау, үйде, мектепте, көшеде және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау тәртібі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет