Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


Дағдының кері шапшаңдықпен қалыптасуы



бет29/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

1. Дағдының кері шапшаңдықпен қалыптасуы.
Бұл оқытып үйретудің бірінші кезеңінде салыстырмалы түрде қозғалыс әрекетін тез меңгеру жүретіндігін білдіреді, ал содан кейін дағдының сапалы өсуі баяулайды. Дағдының мұндай қалыптасу түрі салыстырмалы түрде жеңіл қозғалыс әрекеттерін оқытып үйрету үшін тән, яғни оқушы әрекетін негізін тез ұғып алады және оның бөлшектерін ұзақ меңгереді.
2. Дағдының дұрыс шапшаңдықпен қалыптасуы.
Мұнда оқытып үйрету кезеңдерінде дағдының сапалы өсуінің елеусіздігін білдіреді. Содан кейін барып ол тез артады. Дағдының қалыптасуының мұндай түрі салыстырмалы түрде күрделі қозғалыс әрекеттерін үйрету үшін тән, яғни сырттай байқалмайтын сапалы жинақталу тек уақыт өте келе қозғалыс әрекетін меңгеру деңгейін арттыру түрінде өзін көрсетуі мүмкін.
3. Дағдыны дамытудағы баяулату.
Бұл жоғарыдағы шапшаңдатудың екі түрінде де дағды белгілі бір жетілгендікке жеткенде пайда болады. Дағды неғұрлым жетілсе соғұрлым оның одан әрі жақсаруына мүмкіндік жасау үшін күш салу және педагогикалық шеберлік талап етіледі.
4. Дағдыны дамытудағы кідіріс.
Кірістің пайда болуының екі себебі болуы мүмкін: ішкі уақыттың өтуімен дағдының елеулі сапалық жақсаруына өтетін ағзадағы бөлінбейтін ыңғайланған өзгерістердің себепші болуымен, сыртқы дұрыс емес оқытып үйрету әдістемесіне немесе қозғалыс сапаларының жеткіліксіз дәрежеде даму деңгейіне байланысты болады. Егер себебі дұрыс анықталса, онда кідірісті болдырмай өту үшін тек уақыт (бірінші себеп) немесе оқытып үйрету құралдары мен әдістерін елеулі өзгерту (екінші себеп) талап етіледі. Кідірістің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін.


2. Адамның күшін оның сыртқы қарсылық күшті жеңетін қабілеті немесе оған бұлшық ет күшімен қарсы тұру арқылы анықтайды. Күшті тәрбиелеу бұлшық еттің физиологиялық өзгерісімен, яғни бұлшық ет талшықтарының өсу және жуандауының байқалуымен қатар жүреді. Күшті дамыту жаттығуларымен шұғылдану нәтижесінде адамның дене құрылысын едәуір өзгертуге болады. Күш қатынастық және абсолюттік болып бөлінеді.
Абсолюттік күш - нақтылы қимыл қозғалысқа қатысатын барлық бұлшық ет топтарының жиынтық күші.
Қатынастық күш - адам денесінің көлемін 1 кг салмағына тура келетін абсолюттік күштің мөлшері. Күш сапаларын тестілеудің динамометрдің жәрдемімен өткізуге болады. Белгілі бір жасқа дейін абсолюттік және қатынастық күштерде биологиялық жасқа сәйкес физиологиялық өзгерістердің нәтижесінде бұл күштің екі түрі де артады. Күш сапасы ауырлық күштері мен жаттығулар жасау арқылы қалыптасады.
Өз денесінің салмағымен оған жерден денені шынтақты бүгіп-жазу арқылы көтеру, турникке тартылу, отырып – тұру және т.б. және спорт құрал – жабдықтарымен штанға, тренажерлар, ризиналық серпінді құралдар және т.б. жатады.
Күшті дамытуға арналған жаттығулар түрлері мынадай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет