Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет26/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Жетінші лекция Таќырыбы: Дене қасиетін тәрбиелеу
Лекция жоспары: 1.Дене қасиеті жайлы түсінік
2.Дене қасиеттерін тәрбиелеу заңдылықтары
3. Қозғалыстың даму ерекшеліктері:
Лекция маќсаты: Дене тәрбиесі қасиеттерін тәрбиелеу ерекшеліктерін ұғындыру.
4.Лекция мазм±ны.


Оқушылардың жалпы қимыл - қозғалыстарын жан жақты дамытып, күш - қайратын, ептілігін төзімділігін арттыра түсу үшін өрмелеу, тепе - теңдікті сақтау, акробатикалық жаттығулар, қолдың күшімен денені ұстау мен көтеру, жаттығулары және гимнастикалық жаттығуларды үнемі таза ауада жасау керек. Бұл денсаулыққа өте пайдалы.
Мектептің спорт алаңында таза ауада жеңіл атлетиканың орындалуы техникасын жетілдіру мен нәтижелерін жақсарту үшін арнаулы сабақтар өткізіледі.
Секірудің ең көп өткізілетін түрлері; бір орында тұрып ұзындыққа секіру, биіктікке секіру. Үшінші сыныптың қыздары мен ұлдары секіртпе мен секіруді жақсы жақсы меңгерулері керек.
Сондай-ақ шығыршықты айналдыра жүріп секіруді, жерде жатқан заттың, орындықтың үстіне қос аяқтап секіріп шығуды меңгерулері қажет. Жеңіл атлетиканың лақтыру жаттығулары алуан түрлі болады. Көбінесе кіші допты ( теннис добы, таяқша, резеңке доптар, ауыр доптар) бір немесе екі қолмен алысқа және көздеп лақтыру тәсілдері беріледі. Мұның бәрін мектеп ауласындағы спорт алаңындағы спорт құралдарымен өткізу өте пайдалы. Оқушылар құралдарымен қалай пайдалану керектігін терең біліп, үйреніп шығады.
Үшінші сыныпта таза ауада ойындар бойынша өткізілетін дене шынықтыру сабағын өткізу керек. Онда қимыл қозғалыс ойындары мен футбол, хоккей, баскетбол, бадминтон сияқты кең тараған спорт ойындары мен қатар, қазақ халқының ақ сүйек, қазан доп тәрізді спорт ойындары да берілген. Бұл сабақтардың дайындық бөлімі оқушыларды ұйымдастырудан, сапқа тұрғызу, кезекшінің рапорт беруі, бұрылу жаттығуларын орындаудан басталады. Оқушылардың ағзасы, бұлшық еттері мейлінше тез қызу үшін сабақ сайын екі-үш минут тоқтамай жүргізуден басталып, міндетті түрде жалпы дамыту жаттығуларымен аяқталады.
Есте сақтайтын бір нәрсе: сыныптағы оқушылар спорт ойындарын ұлдар мен қыздардың командасы болып бөлек-бөлек ойнауы керек.
Төменгі сыныпта қыс мезгілінде спорттық жаттығулардың ішіндегі оқушылардың көп шұғылданатын спортының бірі шаңғымен жүру және сырғанау.
Егер мектепте төменгі сынып оқушыларына арналған шаңғы болмаған немесе жетіспеген жағдайда мұғалім сабақты балаларға олардың өз шаңғыларын алғызып, өткізуіне болады. Бұл сабақтарда ыңғайына қарай шананы да пайдалануға болады. Таза ауада денешынықтыру пәнін өтудің бұл да бір ерекшелігі.
Мұғалім сыныптағы оқушылардың киімдері ауа-райына сәйкестігін тексеріп, шаңғыларын көтертіп далаға шығарады. Әдетте бір қолға шаңғыны, екінші қолына таяқтарын ұстап тұрған оқушыларға сабақтың мақсатын
айтқан соң, шаңғыларын жерге қойғызып, мұғалімнің бастауымен 2-3 минут жүгіріп келеді. Осыдан кейін шеңбер жасап тұрып, қол, аяқ бұлшық еттеріне арналған 5-6 жаттығу орындалу керек. Мұғалім таңдап алған төбешікке барып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілген соң, балалар өз шамасына қарай әрқайсысы әрқандай биіктіктен сырғанап түседі.
Таза ауада дене тәрбиесін орындау көктем мен күз және қыс айларында жүргізудің өз ерекшеліктері бар. Жоғарыда қыс айларында өтілетін сабақтар жәйлі айтылды. Ендігі әңгіме көктем мен күз айлары жайында болмақ.
1. Бойларына, салмақтарына қарай оқушылар екіге бөлініп, "Ақ сандық, көк сандық ойынын ойнау". Мұғалімнің ескертуі бойынша екі т оп алдымен сұрақ жауап бойынша бір-бірін ұтуға тырысады. Сонан соң оқушылардың қалауы бойынша ойынды бірнеше рет қайталап ойнайды.
2. Екі командаға тең бөлінген ойыншылар ортасына лента байланған арқанның екі жағына шығып, ойын бастаушының белгісімен бірнеше рет, "Арқан тартыс" ойынын ойнату.
3. ¥зын әрі жуандау жіптің екі шетінен екі бала ұстап айналдырып, қалғандары оған денесін тигізбей кезекпен секіріп өту.
4. Екі - екіден бөлініп, бір допты бір - біріне екі аяқпен кезек соғып, тоқтатып, қайта тебуге жаттығу.
5. Ұлдардан жеке, қыздардан жеке екі командақұрып, футбол ойынын қарапайым ережемен екі жерде ойнап жаттығу.
6. Бір орында тұрып, допты екі қолмен лақтырып кәрзеңкеге түсіруге жаттығу.
Дене жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде не дәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, балбырайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтан санының көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен болмақ.. Бұлшық ет созылуы жақсарады, қан айналымы және бұлшық ет қоректенуі жақсарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет