Жаңа оқу материалы оқып, үйрену сабағы мәні жаңа материалды білімдік мазмұнда түсіндіру және қозғалыс арқылы көрсету жүйесімен қызықтыру, болашақтағы қажеттілігін ұғындыру міндеттерін шешу арқылы жүзеге асады. Кешенді жалпы дамыту жаттығуларының әрқайсысы жаңа козғалыс әрекетінін барынша дұрыс ұғылуына есептелініп құрылады.
. Жаңа материалды оқып, үйренуге сабақтың барлық уақыты арналмайды.
Оқытып, үйретілген материалды жетілдіру.Бұл оқытылып, үйретілген материалды жетілдіру сабағында өтілген материалдың әдістерін тереңдетіп үйрету, өтілген материалды күрделі жағдайда пайдалану немесе үйретілген материалдың жәрдемімен қозғалыс сапаларын арнайы дамыту больш табылады. Сабақтың міндеттері қысқаша түсіндіріледі, өйткені оқушылар оны зейінімен зерделеп қабылдауға дайын. Бұл сабақтың кіріспе бөлімі ағзаның қарқынды жұмысқа қызметтік дайындығына сабақтын басқа алдыңғы типтеріне қарағанда барынша бейімделген (бағынышты).
Бақылау сабағыБақылау сабағы тақырыбы немесе бағдарламасыньң бүтіндей тарауы бойынша оқытудың қорытынды нәтижесін шығару үшін арналған. Мұнда оқушылардың барлығы немесе көпшілігі бағаланады. Сабақта оқушыларға өз дайьндықтарың көрсетуі үшін барлық жағдай жасалады, яғни арнайы қыздырынуға, спорт қондырғыларында өздерінң жаттығуды орындап көруіне толық мүмкіндік жасалады және т.б.
Аралас сабақ.Жоғарыда айтылған дәрістердін барлық түрлері бұл сабақтың мазмұнына кіреді. Мүнда шұғылданушылардан ерекше дайындықты талап ететін екі-үш міндеттер бірігуі мүмкін. Сондықтан, оқушылардың жалпы дайындығын қамтамасыз ететін кіріспе бөлімінен тыс негізгі бөлімінде кезектегі міндетті шешу алдында көп мөлшерде емес арнайы дайындық өткізіледі.
Үй тапсырмаларыДене шынықтыру пәніндегі үй тапсырмаларының ерекшелігі, ол оқушылардын күн тәртібіндегі (режим) қозғалыс белсенділігін арттыруына қызмет етуі болып табылады.
Үй тапсырмалары дене жаттығуларын өздігінен дербес орындауына дағдыландырады, ұйымшылдық, өз мінез-құлқын игеруге, табандылығын дамытуға қалыптастырады.
Үй жұмысы мына тапсырмалар жобасынан түрады:
1. Сабақта орындалған арнайы, дайындық және негізгі жаттығулар;
2. Сабақ міндетіне қарай оқушының өз бетінше ойланып құрастыруына
ұсынылатын жаттығулар варианты;
3. Мұғалімнің бір айға, тоқсанға жоспарлап құрастырған оқушылардын күнделікті
үйде орындайтын кешенді және жекелеген жаттығулары.
Оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына ата-аналардың назар аударуын ұйымдастырып және оларды бақылау жасауға тарту педагогика да алар орны зор. Оқу жұмысын жоспарлау Жоспарлаудың мәні мен маңызы. Оқу жұмысын жоспарлау дегеніміз денешынықтыру сабағы жүйесіндегі бағдарламалык материалдардын сабақтастық жүйелілікпен және ұтымды (оптимальді) дәл уақытпен өтілуін анықтау больш табылады. Жоспарлау алдағы атқарылатын жұмыстың нақтылы нәтижесін алдын ала білуге, оқыту кезендеріндегі жекелеген міндеттерді шешу үшш барынша пайдалы жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін мұғалім мен оқушының бірге қызметінің барынша нәтижелілігін қамтамасыз ететін нақтылы бағдарламалық әрекетті қамтуы тиіс. Жоспарлаудың түрлері (формалары)Оқу жұмысын жоспарлау екі түрге айырмаланады: тақырыптық және сабақтық. Тақырыптық жоспарлау кезінде оқу бағдарламасынын мазмұны тақырыптарға бөлінеді, ал ол тақырыптардың әрқайсысы тақырыпшаларға бөлініп кетеді.
Мысалы, "Сөреден төменгі әдіспен жүгіріп шығу" тақырыбы, яғни, "сөредегі қалып (стартовые позы), белгі бойынша шығу, сөреден екпін алу т.б. Тақырыпшаларды оқып үйренудің жүйеленуі қозғалыс әрекеттері (компоненттерінің) құрамындағы бөліктерінің өзара себеп-салдары, оқыту процесінің кұрылымы және оқу процесінің қисыны) есепке алынып орьндалады. Әрбір тақырып және оның әрбірі үшін оқу міндеттері анықталады. Тақырыпшалардың міндеттері жүйемен, (сериямен) тақырыптық қисынымен дәйекті бөлінуі болады. Әрбір міндетке сәйкес оны шешудің кешенді (комплексті) құралдары мен қарастырылады
Жоспарлау кезендері.Оқу бағдарламасы жоспарлау формасына қарамастан "Түсініктеме жазбаларын" оқып-үйренуден басталуы тиіс. Содан кейін, барып бағдарлама талқыланады және ұтымды көлемде, оқу жылының тоқсандарында онын тарауларын өткізу жүйелілігі анықталады. Сонымен бірге, әрбір тарауды оқуға бағдарламамен бөлінген сағаттардың саны, оқу материалдарының нақтылы түрлерін әртүрлі тоқсандар мен айларда меңгерудің шын мәніндегі мүмкіндіктері (мысалы, жеңіл атлетика-қыркүйекте, мамырда, кросстық дайындық немесе шаңғы спорты қаңтар-ақпан және т.б.) тоқсан көлемінде өтуге жоспарланған, өтуге таңдап алынған материал сабақ жүйелеріне (серияларына) бөлінеді, олардың басқарушы сапасындағы басты бір жаттығу түрін үйренуге арналады. Мектептегі оқу жасындағы жас ерекшеліктеріне қарай сыныптардын. (І-ІІІ, IV-VIII, IX-XI) жас кезендеріне белінуі оку жылына қойылатын міндеттерді әрбір сыныптың нақтылы бағдарламалық мазмұны ескеріліп анықталады. Тоқсанға міндеттерді анықтау үшін келесі қалыпта мәліметтер қажет:
Тоқсанға жоспарланған оқу бағдарламасы тарауларындағы сағат саны.
Тоқсандағы сабақ саны.
Тоқсанда оқытылатын тақырьштардың саны және мазмұны сонымен бірге осы
тақырыптардың жалпы тарауларының мазмұны мен қарым-қатынасы.
Жоспарланған материалды меңгеруге оқушылардың дайындык деңгейі,
Тоқсан аяқталғаннан кейінгі оқушылардаң талап етілетін міндеттер.
Мысал ретінде, І-тоқсанға ХІІ-Г/ сынып оқушыларына арнальш дайындалған талап міндеттері төмендегіше. Жалпы сағат саны - 18. Оның ішінде:
1) Жеңіл атлетика - 6 сағат.
Баскетбол - 6 сағат.
Гимнастика - 6 сағат.
Мұғалім оқу бағдарламасының ілімдік және практикалық тарауларындағы тақырыптарын I- тоқсанның дене тәрбиесінен білім беру мазмұнын құрайтындай талапта дайындауы тиіс. Содан кейін, үйренетін жаттығулардың әдістерін барынша сапалы меңгеруге мүмкіндік беретін құралдарын тандап, ал одан әрі сабақтың сауықтыру тиімділігі қамтамасыз етіледі. Мұнда мына бағдарламалық материалдар негізге алынады: жылдамдық-күш, секіргіштік, шапшаңдык (женіл атлетика, баскетбол), бірқалыпты жүктемеге бейімделген шыдамдылык (жеңіл атлетика), секіргіштік (баскетбол) және күш шыдамдылығы, буын-қоспасының қозғалуға бейімдшігі және тепе-теңдік қалпын ұстау сезімі, қабілеті.
I) Жоспардың орындалу мүмкіндігі. Жоспар оқушылардың дайындық деңгейіне, оқу-спорттық базаның мүмкіндігіне, құрал-жабдықтарына, климаттық ауа райы және маусымдық өзгерістері және т.б. алынып қарылуы тиіс.
2) Жоспардың нақтылылығы
Жоспардын әрбір тарауларының жеке бөліктері мазмұнының нақыланған дәл құрылымы болуы тиіс. Онда оұу міндеттерінің орындалуға тиісті жүйесі, онын мерзімдері белгіленіп, негізгі тараулармен оқу бағдзрламасындағы жаттығу түрлерінін өзара әсерлері есепке алынып көрсетілуі шартты.
3) Жоспардың өзгеріп отырылуы (вариативтілігі).
Жоспарды жасау барысында оқытудың бірқатар жекелеген міндеттерінің өзгеру мүмкіндіктерін ескеру керек. Сондықтан, жоспардың мазмұнына тура келетін қарастырылады (мерзімінің өзгеруі, оқу материалының мазмұнынын қайта бөлінуі).
4) Жоспардың сабақтастығы және келешегі қозғалыс құрылым компоненттерінің оқытьш, үйрету сабақтастығының айқындальш анықталуымен (мысалы, атлетикада жүгірудің әдістерін үйренуден ұзындыққа секіруді үйренуге) жөн оқу материалын әр өткен сабақты дамыту, жетілдіру және тәрбиелеу әсерлерні есепке алынып бөлінуімен қамтамасыз етіледі.
5) Жоспардың тұтастығы, сыртқы безендірілуінің қарапайымдылығы мен көрнектілігі: көрністерді және шартты белгілерді көрсететін графикалык құралдарды пайдалану, жеткілікті мазмұнда ойды тұжырымдаудың қысқа және нұсқалылығы. Осылардың барлығы жоспардың компоненттерінің негізгі құрылымдарын дәл шектеуге, барынша қажетті мәні бар элементтерін ықшамды етіп айтуға, назарларын аударуға мүмкіндік береді.