Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет20/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Спорттық қолданбалы гимнастика спортшының жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығына, оның дене қасиеттерін дамытуға, олар зерттеп үйренетін спорттық қимыл – қозғалыс әрекеттеріне кіретін жекелеген қимылдарды жетілдіруге бағытталған.
Кәсіптік – қолданбалы гимнастика белгілі бір мамандықты меңгеруге көмектесетін қимыл – қозғалыстар дағдысы мен сапасын дамытады және жетілдіреді (біктікте жұмыс істейтін құрылысшы, шахтер, жүргізуші т.б.).
Өндірістегі гимнастика адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттыру және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Ол жұмыс күні тәртібіне кіреді:
а) кіріспе гимнастика - жұмыс бастар алдында (ұзақтығы 8 – 10 минут);
б) дене тәрбиесі үзілісі (ұзақтығы 5 – 7 минут) жұмыс күні барысында үзілісте жасалады.
Емдеу гимнастикасы. Емдік гимнастикасы дене тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі болып табылады және денсаулық пен жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруге бағытталған. Кез келген аурумен сырқаттанған кезде қолданылады, емдеу ісінің құралы болып табылады. Ол мысалы, жарақат алғаннан және аурудан тәуір болғаннан кейін қимыл – қозғалыс аппаратының қызметін қалпына келтіру үшін, дене бітімінің кемшіліктерін түзету үшін (дене бітімінің әр түрлі өзгерістерінен) пайдаланылады. Емдеу гимнастикасы жүйке жүйелерінің жағдайын және ауру адамның өзін - өзі сергек сезінуіне, олардың өмірлік көңіл – күйін көтеруге және жағымсыз әсерлерді жоюға бағытталған.
Спорт – бұл жарыс барысында денені жаттықтырудың белгілі бір түрінен жоғары нәтижеге жетуге бағытталған арнаулы қарекет. Спорт дене шынықтыру құралы ретінде денсаулықты нығайту, дене күшінің дамуын, қозғалыс қабілеттерін, дене тәрбиесі жөнінде алға қойған міндеттерді шешу болып табылады.
Спорттың дене шынықтырудың басқа құралдарымен салыстырғандағы ерекшелігі – спорттық жарыстарды өткізу болып табылады. Спорттық жарыстарды өткізу – спорт жұмысының жағдайын, жақсы техникалық нәтижелерді көрсету. Сонымен қатар, мақсаты – спорттың түрлерін дамыту, спорттық техниканы меңгерту, дене шынықтыруға қызығушылығын туғызу болып табылады.
Ойын. Дене шынықтыру құралдары ішінде кең тараған қарекет. Ойын саналылықты , белсенділікті, айналысушының өз бетімен әрекет жасай білу қабілетін талап етеді.
Ойын қимыл – қозғалыс және спорттық ойындар болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет