Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет28/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Бақылыу сұрақтары:
1. Жүрудің түрлері.
2. Найза лақтырудың әдіс-тәсілдері.
3. Лақтыру құралдары.
4. Лақтыру әдістері.
5. Ұзындыққа секіруді меңгерту тәсілдері.
Сегізінші лекция. Қозғалыс дағдыларын үйрету әдістемесі.


Жоспары:
1. Дене тәрбиесіндегі қозғалыс дағдыларын үйрету әдістемесі
2.Күш және оны дамыту әдістемесі.
2. Төзімділікке тәрбиелеу және дамыту әдістемесі.
3. Әбжілдікке тәрбиелеу және дамыту әдістемесі.
4. Дене тәрбиесіндегі қозғалыс гигиенасын сақтау.
5. Негізгі қозғалыс.
Лекция мақсаты: Қозғалыс дағдыларын үйрету әдістемесін меңгерту .


Лекция мәтіні.


1. Дене тәрбиесінің көп түрлі міндеттерінің ең басты негізгісі қозғала білу және дағдылар жүйесін қалыптастыру болып табылады. Білім, қозғала білу және дағдылардың қалыптасу жүйесінің бастапқы кезеңін үйренушілерге, арнайы білімді меңгеру және білімдердің көзін сөзбен түсіндіру, педагогтың жаттығуларды көрсетуі болып табылады.
Қозғалыс әрекетіне үйрету, оқытып үйрету жүйесінде адам денесінің бір бөліктеріндегі қозғалысты басқару сипатын өзгертеді. Нәтижесінде қозғалыс әрекетін меңгеру деңгейі артады.
Бұл жүйеде үлгі түрінде келесі сызбада бейнеленген.


Қ озғалыс әрекетіне үйрету

Қозғала білуді қалыптастыру

Қозғалыс дағдысын қалыптастыру

Қозғала білудің жоғарғы тәртібі



Арнайы білімді алу

Арнайы білімнің базасында және жүйелі жаттығудың нәтижесінде оқушы қозғалыс әрекетін орындау үшін шектеулі мүмкіндікті меңгеріп қозғалыс біліктілігін, шексіз келешектік жетілдіру мүмкіндігіне не қозғала білудің жоғарғы тәртібі. Қозғалыс әрекетін меңгерудің үш деңгейге бөлінуі шартты болып табылады, тұрақты бөліну шекарасы болмайды. Бірақ білім беру міндетін анықтау үшін аса пайдалы. Қозғалыс әрекетін меңгеру жүйесі алдын – ала алған білім мен бұрын жинақтаған тәжірибеге сүйенетін қозғала білуді қалыптастырудан басталады.


Қозғала білу бұл үйретілген қозғалыс әрекеті кіретін оқушының әрбір қимылға ықыласпен назар салу жағдайында қозғалыс әрекетін орындау. Бастауыш сыныпта қозғалыс әрекетін дамытудағы спорттық белгісі мыналар:
1. Бүтіндей қозғалыс әрекетін құрайтын қозғалысты басқару автоматты емес түрде жүреді. Нәтижесінде оқушының санасы әрбір қозғалысты бақылаумен сала жүгі ауырлайды, жұмыс үнемделмей, елеулі дәрежеде шаршаумен атқарылады.
2. Қозғалыс міндетін шешу жолы тұрақты емес, сондықтан оны шешудің барынша жақсы әдістерін іздеу жүргізіледі.
3. Қозғалыс әрекетін игерудің бірінші деңгейі ретінде қозғала білуді бірде-бір үйренуші айналып өте алмайды. Бұл дағдыға өтудің ауыспалы кезеңінің ұзақтығы әр түрлі және оны оқушының қабілетіне үйрету әдістемесінің жетілгендігіне қозғалыс әрекетінің күрделілігіне байланысты.
Қозғала білудің негізгі шығармашылық маңызы іздену, салыстыру, қозғалысты орындау әдісін бағалау, олардың тұтас қозғалыс әрекетін біріктіру болып табылады. Ал бұл тәрбие үлкен білім беру мүмкіндігін әкеледі. Барлық ұштастырушы жаттығуларға тән ерекшелік қозғалыс әрекетін игеру деңгейі қозғала білу болып табылады. Егер ол тұрақтандырылған болса, онда үйретілетін қозғалыс әрекетінің қозғалыс дағдысын қалыптастыру кезеңде шиеленісіп кетуі мүмкін.
Қозғалыс дағдысы – бұл әрекеттің нәтижесіне және жағдайына назар аударуға мүмкіндік туғызатын қозғалыс әрекетін оырндау қабілеті болып табылады. Қозғалыс дағдысы қалыптасып болғаннан кейін оның дамуы тоқтамайды. Егер жүйелі, ұтымды қайталау жалғасса, онда дағдының одан әрі дамуы жүреді. Мұнда дағдының тұрақтылығының жалғасуы және өзгеріп отыратын жағдайда еске түсіруге қабілетті дағдыны барынша икемді етуге ұмтылу арасындағы қарама-қайшылық байқалады.
Дағдының қалыптасуы 4 түрге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет