Сабақ үлгерімін есепкеалу және бағалау Сабақ үлгерімін тексеру және бағалау - оқу-тәрбие процесінің барынша ең маңызды жағы. Сабақ үлгерімін жүйелі және әділ, объективті есепке алып, бағалау оқушыларды қызықтырып тартады, оқу еңбегінің жүйелілігі артады, ал мұғалімге оқушылардың дене тәрбиесі процесін дәл басқаруына жәрдемдеседі.
Есепке алудың объективтілігі келесі жағдайларды бұлжытпай орындау арқылы іске асырылады: оқытып үйретудің әрбір кезеңінде бағалаудың белгісін (критериін) анықтау, оқушыларға күрделі талап қоя білу, сабақ үлгерімін бағалау кезінде оқушының мінез құлқына, басқа да қасиеттеріне қарамай қорытындылау қажет.
Келесі бағалау бірден-бірге, яғни, сатылап қолдану жолға қойылған: “5” – жаттығу дұрыс, дәл, сенімді және еркін орындалғанда,“4” нәтижесінде әдістердің кейбір элементері дәл орындамағанда; “3” – жаттығу негізінен дұрыс орындалып, 1-ден 3 қателікке дейін жіберіліп, нәтижесінде әдістердің кейбір бөліктері орындалмағанда; “2” – жаттығу дұрыс орындалмайды, әдіс негіздерін бұзып орындау немесе үштен көп қателіктер жіберілгенде; “1”- жаттығу орындалмағанда; Әдістерді орындау мен оқу талаптары нормаларын орындау нәтижелерінің салыстырмалы қатынасын бағалауды анықтау аса маңызды.
Бағдарламада қортынды нәтижелердің кестесі сантиметрмен, минутпен, секундпен көрсетілген. Олар әр сынып оқушыларының жас ерекшелік мүмкіндіктеріне қарай ескеріліп түзілген.
Оқушылардың дене тәрбиесінің нәтижелерін педагогикалық тұрғыдан бақылаудың басқа түрі - бұл дене дамуын бақылау, медициналық тексерудің қорытындысына сәйкес дәрігермен бірге, одан басқа тағы да тест жәрдемімен атқарылады. Тест жүйесімен бақылау жылына үш рет өткізіледі, яғни қыркүйекте, желтоқсанда және сәуірде тесттер басты сапалардың даму дәрежесінен барынша объективті мағлұмат береді және олар кез келген мектеп жасындағы балалардың орындауына бейімделген, орындалуы оңай, қарапайым жасалынған. Үлгерімді есепке алу жүйесі. Алдын-ала есепке алу оқу материалын меңгеруге дайындығын анықтау үшін іске асырылады және бағдарламаның келесі тарауын оқытып, үйретер алдында орындалады.
Ағымдағы үлгерімді есепке алу - тексеру мен бағалаудың негізгі түрі. Ол әртүрлі формада іске асырылады.
Әр сабақ сайын есепке алу, бұл бірінші кезекте сабақтың негізгі міндеттерін орындау кезінде іске асырылады.
Жекелеген және бірнеше оқушылардың сабақтың барасында кез келген, әрекеттерін бағалау, сонымен бірге сабақтың негізгі міндеттеріне жатпайтындарын да бақылау.
Ілімдік мағлұмат алу, ойын ережелерін, сөз ұғымдарын (терминдерді) білуді, қозғалыстың мәнін ұғу және т.б. тексеру үшін ауызша сұрау. Бұл сұрау түрі сабақтың кез келген бөлімінде жекелеген сұрақ түрінде пікірлесу немесе атүсті сұрау ұйымдастыру өткізілуі мүмкін.
Оқушылардың дене жаттығуларын бағаға орындауы үшін арнайы ұйымдастырылған шақыру.
Бұл тоқсандық және жылдық бағаларын қорыту. Мұнда ерекше назар оқушылардың орындайтын бағдарламалық талаптарын көрсететін білімді, орындай білуді және дағдыларды бағалауға аударылады. Берілген қозғалыс әрекетін үйрене бастау кезінде емес, үйренудің соңында бағалаудың шешуші маңызы бар. Бағдарламаның кейбір тарауларында алған қанағаттанғысыз баға оқушының жылдық қорытынды бағасының “3” тен жоғары баға ала алмауына әкеледі. Президент тестін өте жақсы нәтижемен тапсырған оқушылар мектеп дирекциясы тарапынан грамота, бағалы сыйлықтармен марапатталады.