Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет33/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Мектептен тыс мекемелерде келесі дене мәдениеті және спорт шараларының ұйымдастыру формалары іске асырылады:

  1. Балалар жәке жасөспірімдер спорт мектептері. Мұнда әр спорт түрлері
    бойынша тұрақты окушылар контингенті болады. а) жүйелі түрдегі оқу-жаттығу
    сабақтары; ә) мектептегі сияқты жалпы кеөпшілік іс-шаралары.

  2. Спорттық, туристік сауықтыру лагерьлері. а) күн тәртібіндегі сауықтыру іс-
    шаралары (соның ішінде шынығу да кіреді); ә) белгілі бір дене жаттығуларынан
    тұратын оқу-жаттығу сабақтары; б) күн тәртібіндегі жоспарланған) жалпы кешкілік
    іс-шаралары (жарыс, жорық т.б.)

  3. Тұрғылықты орындағы дене меденметі мен спорт: а) кеше, үй комитеттерінің
    жанындағы қоғамдық негіздегі спорт секцялары, ә) аула клубтарынын арасындағы
    жарыс.

От басындағы дене мәдениеті::

  1. Күн тәртібіндегі шаралар: таңертеңгілік (денсаулықты түзетуге арналған)
    гигиеналық гимнастика, шынығу процедуралары (шомылу), үй тапсырмасын орындар
    алдындағы денені сергіту жаттығулары.

  2. Жаңа козғалыс әдісін, әрекетін үйрену үшін өз бетінше дербес және
    үлкендердің жәрдемімен дене жаттығуларымен шұғылдану, дене тәрбиесінен үйге
    берілген тапсырма жаттығуларын орындау.

  3. Демалыс сағаттарында, демалыс күндері, окушылардың демалыстарындағы
    ойындар, қыдыру (сергу), саяхат, жорықтар, отбасы мүшелерінің қатысуымен
    жарыстар өткізу (мысалы "Әкем, анам және мен" - сияқты жарыстар).

Мектептегі оқушылардың денешынықтыру және спортпен шұғылдануына, жағдай жасауға бұл жұмыстарды ұйымдастыруға мектеп директоры мен оның оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары жауап береді. Денені тәрбиелеу мәдениетінің әртүрлі тәрбиелеу формаларын іске асыру жүмыстары дене тәрбие пәні мұғалімі мен алғашқы әскери дайындық (АӘД) жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшілері күн тәртібінің сақталуын, оқушылардың танертеңгілік гигиеналық гимнастиканың орындауын, сабақ өтілетін орынның тазалығын, ауаның демалуға жеткілікті мөлшерін, температурасын қадағалап, олардың мектепте етілетін спорт секцияларына катысуына, сонымен бірге мектеп жене мектепаралық т.б. спорт жарыстарына, спорт сауықтыру шараларына, спорттық туристік жорықтарға қатынасуына ықпал етеді.
Денені тәрбиелеу мәдениетін ұйымдастыру жүйесі үнемі дамып, жаңа тәжірибелермен байытылып келе жатқандықтан, ескелең өмір талабы оның жаңа формаларын, варианттарын, түрлерін туғызады. Мысалы, оған жаңа Президенттік тест жүйесі, "Туыстар" командалары арасындағы спорт түрлерінен жарыстар, сол сиякты " Әкем, анам және мен - спорттык отбасымыз" деген отбасылар арасындағы конкурстар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет