Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет35/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

3."Суға жүзу" тарауы - бағдарламадағы ең маңызды бөлімдердің бірі ретінде өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырады. Міндеттті түрде өтілуге тиіс тарау ретінде IV сыныптың бағдарламасына суға жүзу ендірілген. Мұнымен 10-11 жаска дейінгі барлық балалардың суда жүзе алуын қамтамасыз етудін аса қажеттілігі ерекше атап көрсетіледі. Мүмкіндігінше оқытып-үйрету құралдарымен бұданда ерте жаста (6-8 жасар) бағдарламаға ендіру жоққа шығарылмайды.
Бұлардан басқа оқушылар суға батып кетушілерді кұтқару әдістерін меңгеруі тиіс. Бұл үшін суға батып бара жатқан адамнын ұстап қалуынан босану және оны алып жүру, су жұтқан жағдайда оған керсетілетін бірінші дәрігерлік көмек беру, атап жатқанда өнерлеп демалдыру және жүрекке тікелей емес уқалау массажын жасаудын әдістері үйретіледі. Әрбір практикалык тарауда қозғалыс сапаларын дамытуға арналған материалдар дербес жаттығулар кешенімен ұсынылған, Оның бағдарламада арнайы бөлініп көрсетілуі мұғалімде қажетті сапаларды жүйелі дамыту аумыстарына, атап айтканда орындалатын дене жаттығуларымен шұғылдану үшін кажеттілеріне бағыттайды. Бұл оқушының үйренулерін арасындағы үзілісті болдырмауына және онын функциональдық дайындығына мүмкіндік береді.
Бағдарламалық сұрақтар:
1. Мектептегі дене мәдениетінің ұйымдастыру формалары:
2.Дене шынықтыру пәнінен мектеп бағдарламасы
3.Бағдарламаға қойылатын талаптар.
4. Бағдарламалар тарауларының мазмұны
5. Арнайы дәрігерлік топ.
6.Арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың дене тәрбиесімен шұғылдану ерекшеліктері.
7. Арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың күн режімі.


10-лекция. Бастауыш сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс әрекетін үйрету
Жоспары.1. Гимнастикалық жеңіл атлетикалық жаттығулар
2.Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары.
3. Шаңғы дайындығы.
Маќсаты: Студенттерге бастауыш мектептегі дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс әрекетіне үйрету әдістемесі.


Бастауыш мектеп оқушылары үшін ептілікті, қозғалысты үйлестіре, қызметтің өзгермелі жағдайларына тез және оңтайлы бейімделе білуін жетілдіретін жаттығулар аса қолайлы. Гимнастика негізінен ірі бұлшық еттер тобының белсенді қызметіне негіздер (секірулер, өрмелеулер, жүрелеп отырулар, еңкеюлер және т.б.) қимылдарға құрылады. Дегенмен балаларға дененің жеке бөліктеріне, бұлшық еттердің жеке топтарына, буындарға әсер ететін, мәселен, табандардың бұлшық еттерін (аяқтың ұшымен жүру, аяқтық табандарымен ұсақ заттарды ауыстырып қою, аяқтық башпайларымен жіпті тарту немесе жинау немесе т.б.) мойынды (басты бұру және еңкейту) қолдық қоспасын (саусақтарды жұму және ашу, шеңберді немесе таяқты саусақтармен айналдыру және басқалар)қатайтатын жаттығулар ұсынылады.
Негізгі қозғалыстар. Негізгі қозғалыстарға жүру, жүгіру, секірулер, еңбектеу меп өрмелеу, лақтыру және қағып алу, тепе — теңдікті сақтап жаттығу жатады. Негізгі қозғалыстарды дер кезінде жетілдіру баланың қозғалу тәжірибесін байытады, айналадағы жағдайда еркін әрекет жасауына мүмкіндік береді, өзінің күшіне, белсенділіғіне, батылдылығына деғен сенімді тәрбиелейді.
Негізгі қозғалыстар баланың дене жағынан жан—жақты жетілуіне иғі ықпал етеді: бұлшық еттерін, буындарын, тізелерін қатайтады және жетілдіреді, жүрек қан тамыр және жыныс жүйелерін, ішкі орғандары мен терініқ жұмысын жақсартады. Еғер олар таза ауада өткізілсе, неғізғі қозғалыстардың сауықтырушылық ықпалы өте күшейеді.
Жүру. Жүру адамның кеңістіктеғі қозғалысының табиғи әдісі болып табылады. Жүрістерғе циклдық тән. Жүру кезіндеғі аяқталған цикл оқ және сол аяқпен кезек адымдау және олармен қолдың ширақ қимылдарының сәйкес келуі арқылы жүзеғе асады. Денені тең ұстау иық пен қол қимылына ықпал етеді. Олар ырғақты және аяқтың қозғалысымен үйлесімді (оқ аяқ алға шыққанда, оқ қол кейін сермеледі, ал сол қол алға созылады және т.б.) Жүріс жылдамдығы қадамның ұзындығына және оның жиіліғіне яғни екпінғе байланысты.
Жүгіру. Құрылымы жағынан жүғірудің жүрумен ортақтығы көп, бірақ оған жүғіруші жерден мүлде көтерілгендегі ұшу сәтінің болуы тән.
Тұлғаның жүгіру кезіндеғі қалпы: кеуде жүгіру бағытына қарай біршама ілгері иілген, бас сәл көтеріңкі.
Әдетте, жүгіргенде шынтақтар сәл иіледі, қолдың қоспалары босаңсиды, саусақтар жұмулы ( бірақ жұдырық сияқты қысу емес), иықтар сіреспейді, қозғалыстарды үйлестіру жүру қозғалысына ұқсас болады.
Жүгіру — интенсивті қозғалыс. Ол баланың бүкіл орғанизміне үлкен функционалдық салмақ түсіреді, тыныс алу мен қан айналысы орғандарын жаттықтырудың, жылдамдық пен төзімділікке тәрбиелеудің жақсы құралы болып табылады.
Топтанып жүгіру, жүру сияқты балалардың іс - әрекетін ұйымдастырады, кеңістікке, бағдарлағыштыққа, ептілікке тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет