Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет38/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Лақтыру мен қағып алу жаттығуы:
Лақтыру мен кағып алу, қайта лақтыру, нысанаға лақтыру, алысқа лақтыру болып бөлінеді. Лақтыру мен қағып алудың әр түрлі тәсілі бар. Допты екі және бір қолмен төмен, бір бүйірге, бастан, иықтан, арқадан асыра екі қолмен кеудеден серпіп лақтыруға болады. Допты өзінің алдынан немесе бір бүйірден, төбесінен бір немесе екі қолмен қағып алады. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істегенде алысқа лақтыру ең бастысы, сабақтарды ашық күні өткізгенде қолданылады. Ол бір орында немесе екпінмеп орындалады. Бір орыннан лақтыру иықтан және бастан асыра бір қолмен, сондай — ақ екі қолмен орындалады.
Нысанаға лақтыру балаларға оңай, қызық әрі пайдалы. Нысана ретінде әр түрлі заттар ( жәшіктер, шеңберлер, үлкен доптар, корзиналар) пайдаланылады. Лақтыру тәсілін нысананың сипатына оған дейінгі қашықтыққа, лақтыратын заттың салмағы мен көлеміне қарай таңдап алу керек.
Тепе – теңдік. Тепе - теңдік баланың кез - келген қызметі үшін маңызды. Ол организмнің қалыпты тіршілік қызметін қамтамасыз етудегі аса маңызды функқиясы болып табылады.
Тепе — теңдік сақтау ең алдымен орталық нерв системасымен реттелетін сезім органдарының, тері - бұлшык еттер мен көру анализаторларының күрделі әрекеттеріне байланысты.
Тепе - теңдіті сақтай білу баланың қозғалыс тәжірибесін бірте — бірте жинаумен қалыптасады. Дене қимылдары еңкеюлерден,' бұрылулардан, дөңгелене айналулардан, тікеюдан, иілуден, бүктелуден тұрады, тік созылған қолдарымен дөңгелене қозғалу; қолдарды бүгу және жазу, иықты жиыру, жазу, көтеру және түсіру; білектерді бүгу және жазу, айналдыру саусақтарды жұму және ашу, оларды жазу және жиыру және т.б. Баспен, негізінен еңкеюлер, бұрылулар мен айналу қимылдары орындалады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастыру әдістемесі
2.Гимнастикалық жаттығуларды үйрету жолдары.
3.Ұлттық-қимыл-қозғалыс ойындарының ерекшеліктері.
4. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының тәрбиелік мәні.
5. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының педагогикалық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет