Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


Аялдама “Жүйріктер”, тоқтау уақыты -5 минут



бет41/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

1.Аялдама “Жүйріктер”, тоқтау уақыты -5 минут .
Ойынға қатысушылар 15x15 метрлік шаршы құрып тұрады.Аялдама бастығы ортада, әрбір бұрыш жалаушамен белгіленеді.Ойынды ұйымдастырушы әр түрлі жаттығулар орындайды, оқушылар қайталайды.Мысалы:“Қолды алға созу”, “Қолды жоғары көтеру”, “Еңкею”, “Шалқаю”, “Отырып-тұру”.Жүргізуші белгі береді,топта жүгіреді.Негізгі мақсат:жылдам жүгіріп орнына келу.Тапсырманы жылдам орындаған топқа ұпай ретінде бес шеңбер, үшінші орын екі шеңбер, төртінші орынға бір шеңбер беріледі.Ойын 2-3 рет қайталанады, ойынға қатысушылар жүгіруді әр түрлі бағытта орындайды.Әр жүгірістен кейін ұпайлар беріліп отырады.“Жүйріктер” ойыны аяқталғаннан кейін ойыншылар қатардан пойыз болып тұрып келесі аялдамаға келеді.
2. “Секіргіштер” аялдамасы ,тоқтау уақыты -4 минут.
Топта мәре сызығы бойынша қатарға тұрады.Әр топтың арасындағы арақашықтық 1-3 метр .Мәре мен меже ара қашықтығы 8-10 метр , ойыға қатысушылар сол қолдарын алдынғы ойыншылардың иығына қояды,оң аяқтарын бүгіп, оң қолдары мен алдынғы ойыншының бүгілген аяғын ұстайды.Берілген белгі бойынша бір уақытта ойынға қатысушылар сол аяқпен секіру
арқылы алға жылжиды.Қай топ өзінің байлауын бұзбай межеге жетсе ,сол топ жеңеді.Қайту бағытында олар тапсырманы ,оң аяқпен орындайды.Ұпай қою жүйесі жоғарыда аталғандай.
3.“Тапқырлар” аялдамасы , тоқтау уақыты -7 минут.
Ойыншылар шеңберге тұрады.Шеңбер ортасында ұйымдастырушы.Әр топқа спортқа байланысты сұрақтар береді.Әрбір топ жылдам, толық жауабы үшін ұпай алады.Ұпай шеңберлер арқылы белгіленеді.Жауап беру барысында белсенді қатысқаны үшін қосымша ұпай берілуі мүмкін.Ойлану уақыты 30 секунд.
4.“Күштілер” аялдамасы ,тоқтау уақыты -4 минут.
Ұзындығы 6-8 метр арқан төрт бұрыштап жерге қойылады.Арқан жатқан төрт бұрыштың әрбір бұрышына 5-6 метрлік жіп байланады.Әр топ өз жібінің қасына тұрады.Жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар жіптерін қолдарына алады, арқанды тартады.Негізгі мақсаты- арқанды тартып алу, күштерін көрсету.Тартып алған топқа ұпай қосылады.Тапсырма 3-4 рет орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет