Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет49/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Дене тәрбие пәні мұғалімі- әдістемелік-нұсқау, іс-шаралары (семинарлар, нұсқаулар, көрнекті оқу-жаттығу сабақтарын ашық өткізу арқылы және т.б.) және жекелей, дербес ақыл-кеңестер беру арқылы педагогикалық ұжым мүшелеріне дене тәрбиесі жұмыстары мәселелері бойынша көмек береді.
Сынып жетекшісі - өзінің күнделікті оқушылармен араласып, қызмет етуіне байланысты әрбір оқушыны денешынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылдануға, жұмылдыруға Президент тестін тапсыруды табысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мектеп жастар ұжымы – бұрынғы комсомол, пионер ұжымдарының жұмыстарын қазіргі таңда мектептерде жастар ұжымы атқарады. Мектепте оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай Президент тестін тапсыру, спорт жарыстарын және спорт мерекелерін ұйымдастыруда дене тәрбие пәні мұғалімімен бірлесіп ұйымдастыру, өткізу шараларына ат салысады.
Мектеп дене мәдениетіне тәрбиелеу ұжымы – бұл оқушылардың қоғамдық спорт ұжымы мектепте және от басында мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесімен шұғылдануына ықпал жасайды. Мектептегі оқушылардың дене мәдениеті ұжымын басқару оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесімен іске асырылады. Дұрыс ұйымдастырылған мектеп дене мәдениеті ұжымының қызметі мектепте сыныптан тыс жұмыстардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беріп дене жаттығуларымен шұғылдануға және қоғамдық пайдалы қызметке көп оқушылар санын тартуға жағдай жасайды. Бұл ұжымның жұмысының мазмұнына мектепте спорт секцияларын, топтарын, дене мәдениеті үйірмелерін ұйымдастырып, олармен жұмыс жүргізу кіреді; қалааралық, аудан және жалпы мектеп ішілік бұқаралық жалпы көпшілік спорттық сауықтыру шараларын ұйымдастыру және өткізу (жарыстар, мерекелер, үзілістегі ойындар және т.б.) Президент тестін тапсыруды ұйымдастыру және жасөспірімдер спорттық дәрежесін алуға дайындау; қоғамдық негіздегі дене мәдениеті ұйымдастырушыларын, жасөспірім спорт нұсқаушыларын және спорт төрешілерін дайындау; мектептің құрама командаларын барлық сыныптан, мектептен тыс дене мәдениеті шараларына қатыстыруды қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет