Бақылау сұрақтары:1.Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні.
2. Ойындар түрлері.
3. Ұлттық ойындар түрлері және ерекшеліктері.
4. Ұлттық ойындардың педагогикалық маңызы.
5. Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіне әсері.
6. Ойын сауық ,тұрмыс- салт ойындары ерекшкліктері.
7. Дене шынықтыру , спорт ойындарының бала дамуына әсері.
8. Оймен келетін ойындар бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау жүйесінің дамуына әсері.
Он үшінші лекция . Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар
Жоспары:
1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру талаптары
2.Сыныптан тыс жұмыстарға педагогикалық басшылық жасау
3. Сыныптан тыс сабақ түрлері:
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру талаптары
Мақсаты. Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін айқындау, талдау.
Мазмұны: Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру талаптары Сыныптан тыс жұмыстар дене тәрбиесі жаттығулары сабағын сыныптан тыс уақытта ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Сыныпттан тыс жұмыстарлың міндеттері, мазмұны және ұйымдастырылуы өскелең ұрпақ дене тәрбиесінің мақсаттары мен жалпы міндеттерін шешуге бейімделген.
Мектеп жасындағы балалардың жалпы дене тәрбиесі жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде сыныптан тыс жұмыстар оқу процесіне бағынышты жағдайда жүргізіліп, оны ерекше (сфецификалық) мазмұнмен байытады және сабақты әртүрлі формада ұйымдастырумен және мақсатты бағытта бірегей бірлікте болып, одан келесі ерекшеліктерімен айырмаланады:
Сыныптан тыс жұмыстар ерікті бастамалық жағдайда іске асырылады. Сабақтың ұйымдастырылу мазмұны мен түрі көпшілік оқушылардың қызығушылығымен және мектептің материалдық базасы мүмкіндігі ескеріліп анықталады, яғни оқушыларға өз еркімен ұнатқан спорт түрінен сабаққа қатысуына мүмкіндік жасалады.
Сыныптан тыс жұмыс мектеп оқушыларының өздерінің кең көлемдегі қоғамдық белсенділік негізінде мектеп дене мәдениеті ұжымының құрамында құрылып үнемі мектеп дерекциясының, дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің, сынып жетекшісінің, басқа да мектеп педагогтарының тарапынан бақыланып, олардың ұйымдастыру т.б. жұмыстарына басшылық жасалады.
Сыныптан тыс жұмыстар барысында педагогикалық басшылық ең көп дегенде әдістемелік-нұсқау және ақыл-кеңес, ұсыныс сипатында ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық белсенділігін көрсетуіне әртүрлі сыныптан тыс жұмыс формаларында ықпал жасалады.
Дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдануға мүмкіндігінше көп оқушыларды тартуға мүмкіндік туғызады.
Білімін, жаттығуды орындай алу қабілетін және дағдысын, қозғалғыштық, адамгершілік және ерік-жігер сапаларын, яғни дене тәрбиесінен міндетті оқу процесінде білімін кеңейту және жетілдіру, оқушылардың оқу бағдарламасы материалдарын барынша сапалы орындауына және Президенттік тест жүйесі талаптарын дұрыс тапсыруына мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың бос уақыттарын өздерінің жеке денелерін жетілдіруі және сауықтыруы үшін пайдалы өткізу, өз бетінше орындай алатын дене тәрбиесі жаттығуларымен күнделікті өмірде шұғылдана білуін және дағдыға айналдыруын қалыптастырады.
Өз жас ерекшеліктеріне қарай, таңдаған спорт мамандығынан, яғни сол спорт түрінен спорттық дәреже (классификация) талаптарының деңгейінде нәтиже көрсетуге жәрдемдеседі.
Мектептің қоғамдық дәрежедегі нұсқаушылары мен төрешілерін дайындау жұмыс бөлімдері.