Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет50/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Сыныптан тыс сабақ түрлері:
1/ Топпен өткізілетін сабақ - бұл бір немесе бірнеше сынып оқушыларынан құралған үйірме тобы немесе Президент тестін тапсыруға дайындалатын жалпы дене дайындығы тобы (Ж.Д.Д.) немесе жекелеген спорт түрінен дайындық тобы.
2/ Дене мәдениеті үйірмесі І-ІІІ сынып оқушыларымен сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақ түрі. Мұнда әр топ 20-30 оқушыдан жасақталып аптасына, 1-2 рет өткізіледі. Өткізу уақыты-60 мин. Сабақтың мақсаты мен міндеті: а/ бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс режімінің белсенділігін арттыру; б/ дене тәрбиесі бойынша оқушылардың мағлұматын кеңейту; в/ дене жаттығуларымен шұғылдануға жас балаларды қызықтыру.
Мектептен тыс мекемелер жүйесінде дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері
Біздің Егеменді елімізде оқушылар арасында олардың сабақтан бос уақытында дене мәдениеті және спортты дамытуға бейімделген әртүрлі типтегі мектептен тыс мекемелердің кең ауқымдағы жүйесі қызмет атқарады. Мектептен тыс спорттық, тәрбиелеу - сауықтыру және мәдени – сауықтыру мекемелер мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын өз салаларында жүргізеді.

  1. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (Б.Ж.С.М.) немесе мамандандырылған Олимпиада ізбасарларын дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде (О.І.Д.Б.Ж.С.М.) таңдап алған спорт түрімен жүйелі шұғылдану.

  2. Денешынықтыру - сауықтыру орталықтарындағы шұғылдану сабақтары.

  3. Жазғы және қысқы сауықтыру лагерьлеріндегі дене мәдениеті шаралары.

  4. Мәдениет және демалыс парктеріндегі, балаларға арналып жабдықталған алаңдардағы, шаңғы базаларындағы, қайық бекеттеріндегі және басқа көпшілік демалатын орындардағы әртүрлі денешынықтыру-сауықтыру шаралары.

  5. Денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, спорттық көңіл көтерулер мен тұрғылықты жерлердегі немесе денешынықтыру - сауықтыру клубтарындағы (Д.С.К.) жарыстар.

  6. Туристік лагерьлердегі оқу - жаттығу және көпшілік - сауықтырудың шұғылдану сабақтары (туристік - саяхат базаларында).

Дене тәрбиесін ұйымдастырудың әртүрлі формалары мектептен тыс мекемелердегі жоғары біліктілігі бар дене мәдениеті мен спорт мамандарын, денешынықтыру- спорттық базасын арнайы жабдықталған оқу материалдарымен қамтамасыздандыруда мектептен тыс спорттық және мәдени - сауықтыру мекемелерінде денешынықтыру және спорттық шұғылдану сабақтарының түрлері мен формаларының кең ауқымда пайдаланылуы есебінен өскелең ұрпақтың жеке денешынықтыру және спорттық мүдделері мен мұқтаждығын барынша толық қанағаттандыру үшін жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет