Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет52/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Мақсаты: Бастауыш сыныпта дене тәрбиесі сабағындағы мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметінің ерекшеліктерін ұғындыру.


Лекция мәтіні. 1. Дене тәрбиесі пәні мұғалімінің қызметінде үш негізгі сатылары атап көрсетіледі:
1) Дене тәрбиесі процесіне дайындық
2) Сабақтағы практикалық қызмет;
3) Педагогикалық процестің тиімділігін бақылау.
Бұл сатылардың әрқайсысы өзіне белгілі қызмет түрлерін кірістіреді. Дене тәрбиесі пені мұғалімі қызметінің бірінші дайындық сатысы бүтіндей және әрбір сабаққа бөлек оқу тәрбие процесін сапалы өткізудің жағдайын камтамасыз етуге бағытталған. Ол бір жылға оқу – тәрбие процесінің жоспар-кестесін әрбір оқу тоқсанына тақырыптық жұмыс жоспарын, әрбір сабаққа жоспар-конспектіні, оқу процесін ұйымдастыру түрлерін жете зерттеп жасау және құрастыруды өзіне кіргізеді. Атап айтқанда: • негізгі, жалғастырушы және арнайы жаттығулар; • әрбір жаттығудың қайталау санын анықтау; • жекелеген жаттығулардың орындалу ұзақтығын анықтау; • жалпы педагогикалық әдістерді таңдау-ауызша (баяндау, түсіндіру, бейнелеу және т.б.), көрнекілік (суреттерді, кинограммаларды, оқу бейнефильмдерің әдістемелік құралдарды, қозғалысты және қозғалыс әрекеттерін және қозғалыс әрекетіне үйретудің ерекше (спецификалық) әдістерін мұғалімнің өзінің тікелей көрсетуі және дене сапаларын тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі процесінің табыстылығы оның алдын ала ұйымдастыруына көбіне тәуелді. Дайындық сатысында дене тәрбиесі мұғалімінің кызметі мыналарды ұйымдастыруға бағытталған:
Бөлінбейтін оқу-тәрбие процесі;
Бүтіндей оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға жоспарланған кезеңге сабақты табыспен өткізу жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік қызметі әрекетінің жиынтығы жатады.
Жеке сабақты ұйымдастыруға окушылар қызметін реттеп, тәртіпке келтіруге бағытталған мұғалімнің кәсіби әрекетінің жиынтығы жатады. Оқу бағдарламасында алдын ала қарастырылған және мұғалімнің жоспарлаған педагогикалық міндеттерін; нақтылы бір сабақта барынша тиімді шешуді мүмкін болғанша қамтамасыз ету маңызды. Ұйымдастыру жұмысының бұл түріне оқушыларды әрбір сабақта оқытып үйрету және тәрбиелеу үшін ұтымды жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар мына шаралар кіреді:
- алда сабақ өтілетін орынды дайындау (сабақ өтілетін орынның кауіпсіздігін ұйымдастыру);
- сабақ үшін қажетті қондырғылар мен құрал-жабдықтарды дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет