Дене тәрбиесінен жобалау кұжаттарын өңдеп, жасау технологиясы. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде "технология" термині өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік әдістер мен процестердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі – С.И.Ожегов, Н.Ю.Шведова, 1994ж.).
Педагогикалық технология- бұл алдын-ала жоспарланған оқу-тәрбие іс-жүзінде жүйелі және бірізділікпен нақтылы түрде іске асырылуы. Кез оку-тәрбие процесін сипаттау кейбір педагогикалық жүйелерді сипаттау саналады. Сонымен бірге, табиғи, педагогикалық технология үлгі түрінде бұл іс - жүзінде орындалатын белгілі педагогикалық жүйелердің жобасы.
Педогикалық технологияның өндірілу және жоспарлану тиімділігі бүтіндей іске және құрылымдығына байланысты. Онда білім беру процесінің тиімділігін арттыру оқушылармен жоспарланған оқытып, үйретудің нәтижесінде іске жетуге кепілдік берудің мақсаттары іске асырылады.
Педогикалық технологияның құрылымына дене тәрбиесінің мына негізгі құжаттарын өңдеп жоспарлау кіреді: 1) дене тәрбиесінің жалпы жұмыс жоспары; 2)оқу процесінің жылдық жоспар кестесі; 3) әр тоқсанға арналған тақырыптық сабақ жоспары 4) сабақтың кысқаша жоспары (жоспар-конспект). Көрсетілген жоспарлау құжаттары қисындық (логикалық) және мазмұндық қатынаста өзара тығыз байланысты.
Барынша жеке сипаттағы құжаттардың әрбір келесісі алдыңғы өткеніне сәйкесі өңделіп, жасалады. Сонымен бірге, әрбір құжаттың жоспарлау жүйесінде өзіндік маңызы болады, белгілі бір қызметті атқарады.
Бүтіндей алғанда жоспарлаудың негізгі құжаттарын іске асыру қажетті ұйымдастыруды, педагогтық шұғылданушылардың нақтылы контингентімен педагогикалық процестің кұрамдары мен әдістемелерін үйлесімді таңдауын қамтамасыз етуі тиіс.
Дене тәрбиесінің аясында жоспарлаудың барлық жұмыс құжаттарын жоғарыдан келген, ресми құжаттардын Дене тәрбиесі пәні бойынша Білім және ғылым министрлігінің бекіткен оқу жоспары мен мемлекеттік бағдарламасы негізінде пән оқытушысы өңдеп, жасайды. Оқу жоспарында бірінші кезекте оқу орнындағы барлық оку кезеңдерінде оқытылып, үйретілетін пәндердің барлығы кіреді. Бұл пәндердің ішінде міндетті түрде өтуге тиіс оқу пәні ретінде "Дене тәрбиесі" орын алады және оның оқытылу тәртібі, мерзімі, сағат көлемі белгіленген.