Сабақ -информатикадан оқыту жұмысына ұйымдастырудың негізгі түрі



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі21,38 Kb.
#120255
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жоспары
4 математика3 тоқсан, kahot, КАК ЗАПУСТИТЬ СВОЙ STARTU1, ЭЛЕКТРОННАЯ ЦИФРОВАЯ ПОДПИСЬ И СЕРТИФИКА1, Тапсымалар вирус, f60423376f3107, Алгоритм қасиеттері1, Бастауыш сыныптағы математика сабағында оқытудың əртүрлі əді1, Оқу үрдісінде электронды оқулықты қолдану технологиясының ерекшеліктер1, сыныптан тыс

Информатика курсы бойынша оқу үрдісін жоспарлау. Оқу үрдісінін тақырыптық жоспары және сабақ жоспары.

Сабақ –информатикадан оқыту жұмысына ұйымдастырудың негізгі түрі.

Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасады. Мектептегі сабақ класс-сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар:
1) оқу топтарының құрамы;
2) әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі;
4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру;
5) мұғалімнің жетекші ролі;
6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. Өзінің тарихында оқыту үрдісін ұйымдастыру түрлері әлемдік тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ ХІХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсiлдер жинақталды. Солардың ішінде белльланкастерлiк түpi, мангейм жүйесi, дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлерi бар. Ал, информатика негiздерiн оқыту дидактиканың қалыптаскан бай тәжiрибелерiн пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшелiктерiмен толықтыра түседi.

Дидактикада сабақ типтерiн жүйелеуде әртүрлi айырым белгiлерi пайдаланылады. Сабақтың ең басты белrici – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат-оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Cоған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлерi бар:


l) жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түciндipy сабағы);
2) оқушылардың шеберлiктерiн және дағдыларын дамыту, бекiту сабағы (жаттығу сабағы);
3) оқушылардың бiлiмiн шеберлiriн және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалiм осы аталған дидактикалық мақсаттардың бiреуiн ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бiрнешеуiне немесе барлығына тұтастай сүйенедi. Сол себептi тәжiрибе жүзiнде аралас сабақ түpi кеңiнен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлi болып келедi және оның бiрқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерiн араластыра қолдану жаңа бiлімді сапалы, әрi жылдам қабылдауды, кері байланысты және пeдагогикалық үрдістi басқаруды, бағаларды көбейтудi, (шығаруды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Дегeнмен, информатикадан өтілетін сабaқтардың өздік дидактикалық ерекшелiктерi бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндеттi пән ретiнде енгiзiлгеннен бәрi қалыптасқан тәжiрибелерге тоқталатын болса М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтiлетiн сабақтарды ЭЕМ-дi қолдану мөлшерiне қарай үш түрге бөледi демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум: Осы уақытқа дейiнгi қалыптасқан тәжiрибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет