Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауы. (І)
Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:
Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады? Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай? Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген бе? Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе?
Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру: Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды ма? Жаңа материалды түсіндірген кеде оқушылар қаншалықты белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы)? Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды ма? Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және қалай?
Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту орын аблы ма)
Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?
Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру:
оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды ма?
Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма?
Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма?
Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды ма?
Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды ма?
Сабақ барысында тәрбиелеу.
Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды ма?
Дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді?
Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды?
Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды?
Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау.
Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма?
Оқыту әдістерін таңдау.
Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.)?
Сабақтағы мұғалімнің жұмысы.
Сабақта мұғалімнің қандай іс-әрекеті орын алды қандай көлемде (сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек т.б.)?
Класпен қарым-қатынасқа орнатылды ма?
Оқушылардың сабақтағы жұмысы.
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі қандай болды?
Сабақта оқушылардың қандай іс-әрекеті орын алды?
Сабақта қандай тәртіп болды және неге?
Сабақтың гигиеналық жағдайы.
Класс бөлмелері жеткілікті жарық болды ма?
Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгерімене байланысты отырғызылған ба?
Сабақ кестесіне дұрыс қойылған ба?
Кейбір әлеуметтік міндеттер.
Педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік немесе мектептің зерттеуімен қабылданған шешімімен байланысты міндеттер.
Жағдайға байланысты талдау барлық параметр негінде аталғандардың ішіннен талдаудың бір-екі түрін ғана алуға болады.
Өзіндік талдау – мұғалімнің келесі сабаққа дайындалудың бастамасы.
Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауы. (ІІ)
1. Сынып туралы қысқаша мәлімет беру (интеллектуалдық және психологиялық ерекшеліктеріне назар аудару).
2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін айтап кету. Осы тақырып бойынша нешінші сабақ. Сабақтың түрін.
3. Сабақтың кезеңдері. Әр кезеңде қолданылған әдіс-тәсілдерді қандай мақсатпен алынған?
4. Мұғалімнің өз алдына қойылған мақсаттары жүзеге асырылды ма, әлде жоқ па? Не себептен?
Сабақ талдағанда мұғалімнің мақсаты зерттеуден басталады.
Сабақтың құрылысы, құрылымы, үш дидактикалық мақсаты, оның сабақ кезінде орындалуы, өткен және келесі сабақтармен байланысы талданады. Одан соң сабақтың типі, оқу материалы мен мақсатының мазмұны сәйкестілігі анықталады.
Осылайша сабақтың әр кезеңін (8 кезең) зерттеуге назар аударамыз.
Ұйымдастыру кезеңі.
Дидактикалық міндеті – оқушылардың міндеті сабақта жұмыс істеуге дайындау.
Мазмұны – оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі, жоқ оқушыларды белгілеу, бөлменің тазалығын тексеру, оқушылардың сабаққа сырттай әзірлігін тексеру.
Жақсы нәтижеге жету шарты: мұғалім тарапынан талап қою, ұстамдылық, жинақылық, жүйелілік.
Дидактикалық міндеттің орындалу көрсеткіші: ұйымдастыру сәтінен қысқалығы, сыныптың жұмысқа толық дайындығы, оқушыларды ықыласпен ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Дидактикалық міндеті – үй тапсырмасының дұрыстығы мен сапалы түрде орындалуын анықтау, білімде байқалған кемшіліктерді жою, мазмұны үйге берілген тапсырманың дәрежесін анықтау, оқушы біліміндегі типтік қателер мен олардың себебін анықтау және жою.
Жақсы нәтижеге жету шарты – мұғалімнің шапшаңдығы, мақсатқа бағытталуы, мұғалімнің түрлі тәсіл қолдануы (көп оқушылармен істей отырып).
Дидактикалық міндет көрсеткіші мұғалімнің аз уақытта (5-7) көп оқушының білім деңгейін белгілеуі, тексеру барысында тірек түсініктерін топтастырып, жинақтау, кездескен қателердің себебін анықтап, жою, жоғарғы дәрежеде зерттелгенін ескерту.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Дидактикалық міндеті – үй тапсырмасының дұрыстығы мен сапалы түрде орындалуын анықтау, білімде байқалған кемшіліктерді жою, мазмұны үйге берілген тапсырманың дәрежесін анықтау, оқушы біліміндегі типтік қателер мен олардың себебін анықтау және жою.
Жақсы нәтижеге жету шарты – мұғалімнің шапшаңдығы, мақсатқа бағытталуы, мұғалімнің түрлі тәсіл қолдануы (көп оқушылармен істей отырып).
Дидактикалық міндет көрсеткіші мұғалімнің аз уақытта (5-7) көп оқушының білім деңгейін белгілеуі, тексеру барысында тірек түсініктерін топтастырып, жинақтау, кездескен қателердің себебін анықтап, жою, жоғарғы дәрежеде зерттелгенін ескерту.
3. Білім деңгейін жан-жақты тексеру.
Дидактикалық міндеті – 1-4 сынып оқушыларының білімдерін терең, жан-жақты тексеру, білімде кездескен кемшіліктерді анықтау, барлық оқушыны өз бетінше оқуға жұмылдыру.
Мазмұны – материалдың сапасы мен көлемін әр түрлі әдістермен тексеру, оқушылардың ойлау әрекетін тексеру, оқушылар жауабын, білімділік бағасын, дағдыларын түсіндіріп айту.
Жақсы нәтижеге жету шарты – әр түрлі жолдар мен тәсілдер қолдану, оқушылардың істелген жұмыстары туралы керек деген өзіндік пікірді қалыптастыру, дәстүрден тыс ситуация жасау, арнайы тапсырмалар арқылы барлық оқушылардың белсене қатысуын қалыптастыру.
4. Оқушыларды жаңа материалды белсенді саналы түрде меңгеруге дайындау.
Дидактикалық міндеті – оқушылар қызметін мақсатқа бағыттай отырып ұйымдастыру.
Мазмұны – сабақ тақырыбы мен мақсатын және материалдың зерттеу міндетін хабарлау, оқушыларға ой салар проблемалық сәт туғызу, жаңа материалдың проблемалық маңызын көрсету.
5. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.
Дидактикалық міндеті – зерттелген материал туралы нақты түсінік беру, оқушылардың қабылдауына көз жеткізу, бірінші қорытынды жасау, икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны – оқушылар ынтасын ұйымдастыру, жаңа тақырыпты мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың қабылдауын, түсінігін жүйелеу, ойлау-қорытуын қамтамасыз ету.
6. Оқушылар жаңа тақырыпта түсінуі керек.
Дидактикалық міндеті – оқушылардың жаңа сабақта алған фактілері мен түсініктері бір-бірімен байланысты ма, түсінбеген жағдайда кемшіліктерді жою.
Мазмұны – оқу материалын терең түсінгенін тексеру.
7. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.Дидактикалық міндеті – оқушыларды өз бетінше жұмыс істеу үшін қалыптастыру.
Мазмұны – алған білім мен дағдыларды бекіту, материалды зерттеу әдістерін, айтар жауабын бекіту.
8. Үй тапсырмасын беру, орындау туралы инструктаж (нұсқау).
Дидактикалық міндеті – үйге тапсырманы хабарлау, түсіндіру, соңғы қорыту жасау. Мазмұны – үй тапсырмасы туралы түсінік, нұсқау, орындалу тәсілдерін, мазмұнын айта отырып, тексеру, сынып жұмысын қорытындылау (қалай тырысты, не жаңалықты білді). Бұл 1-кезең комбинированный сабақта осылай жүйелі түрде болуы шарт емес (құрастырмалы – комбинированный). Бұл кезеңдер әр түрлі ретпен басқа да сабақ типтерінде кездесе береді. Егер кезеңдерде ретімен жоқ болса, онда сабақтың дидактикалық сәттеріне сүйене отырып талдау керек.
Қорыта келе, жалпы сабақ туралы, мұғалім мен оқушының қызметіндегі құндылық пен кемшіліктерді ашып айту, осылардың сабақ нәтижесіне әсерін көрсету, оқушылар білімінің сапасы, тәрбиелілігі, даму туралы ашып айту керек. Сабақтың соңғы нәтижесі мен 3 дидактикалық мақсатын салыстыру керек. Сонан соң сабаққа жалпы баға беріліп, мұғалімге факті ұсыныстар айтылады. Оған қоса орындалу мерзімі мен қайталап тексеру қажеттігі болса айтылады. Сөйтіп, сабақтың бастапқы және соңғы пункттері – негіздері мынадай:
3 бірдей мақсат
Сабақ кезеңдері;
Дидактика.
Сәті: оқу материалының мазмұны. Оқыту методикасы. Оқушылар қызметін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |