Дене тәрбиесінен жалпы жұмыс жоспары: Дене тәрбиесінің жалпы жұмыс жоспары білім беру саласы мекемелерінің жұмыс жоспарынын кұрамдас бөлігі болып табылады. Оны дене тәрбиесі пәні мұғалімі мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасарының, мектеп дәрігерінің, "өмір қызметі қауіпсіздігі негіздері" курсының оқытушы- ұйымдастырушысының қатысуымен бірлесіп жасайды Жоспарға келесі тараулар кіреді: 1) ұйымдастыру жұмысы; 2) оқу жұмысы; 3) оқу күні тәртібіндегі денешынықтыру-сауықтыру шаралары; 4) сабақтан тыс уақыттағы денешынықтыру-көпшілік және спорт жұмыстары, 5) үгіт-насихат жұмыстары; 6) дәрігерлік бақылау және медициналық-санитарлық қадағалау, 7) шаруашылық жұмыстары.
Бұл жұмыстардың әрқайсысының үлгілік мазмұны — кестеде ұсынылған.
Дене тәрбиесінен жасалынатын жалпы мектептік жоспар мектеп әкімшілігімен жоспарланған шара басқа да өтілетін мектеп оқушыларының қызметтік шараларымен қабаттаспау үшін келісіледі.
Жоспарды мектеп директоры бекітеді және ол барлық мұғалімдердің назарына ұсынылады. Бұл ұсынылып отырған жоспардың үлгісі тек мысал ретінде: ол әр мектепте жергілікті жердің жағдайы ескеріліп, өңделіп жасалады.
Дене тәрбиесінен оқу процесінің жылдық жоспар-кестесі:Жоспар-кестенің негізгі міндеті оқу жылына бағдарламалық материалды тиімді барынша мақсатқа сәйкес таратып, болумен тұжырымдалады.
Жоспар-кестені жасау кезінде дене тәрбиесі курсының оқу жоспарын (сағат санының есебі) және мектеп бағдарламасын басшылыққа алу керек.
Білім беру мектептерінде дене тәрбиесінен оқу процесінің жоспар-кестесімен оқу бағдарламасы бөлімдерінің материалдарын жүйелі түрде оқу жылынын айларына және апталарына, әрбір тоқсанына маусымдық ауа райында сабақ өткізу, оқу базасының жағдайлары нақтылы ескеріліп жоспарланады.
Сабақ өткізу үшін жылдың маусымдарының әртүрлі жағдайын жоспарлау кезінде оқу процесінің келесі сатыларын бөлудің қажеттілігі себепші болады: 1) күзгі (1-тоқсан); 2) күздік-қысқы (П-тоқсан); 3) кысқы (Ш-тоқсан); 4) көктемдік-жазғы (IV-тоқсан).
Әрбір сатысы үшін белгілі бір жалпы дене дайындығы міндеттерін шешу және сәйкес келетін құралдарды пайдалану алдын - ала қарастырылады. Кейде, маусым аралығындағы (екінші сатыда) сабақтарда гимнастика материалдарын (негізгі құралы ретінде) және ойындарды (қосымша құрал ретінде) оқытып, үйрену жүргізіледі.
Әрбір сатыдағы сабақтың мазмұнының алдыңғы және келесі сатылардағы сабақ мазмұнымен түбегейлі (органикалық) байланысы болуы тиіс. Сондықтан, пәндік материалмен сабақты өту жолдарын кезекпен спорт түрлері бойынша (суға жүзу дайындығы) өткізгеннен, бір уақытта дене дайындығының екі-үш түрін қарастырылған кешенді әдісін пайдалану ұсынылады. Әрине, осы сатыға басты жаттығуларға көп уакытты жіберген дұрыс. Сабақ мазмұнының елеулі тиімділігі, сонымен бірге оқушылардың негізгі дене материалдарың үзіліссіз дамуы және жүгіруде, секіруде, лақтыруда және т.б. табиғи қозғалыстардағы бірқатар маңызды дағдыларын жетілдіру қамтамасыз етеді.
Оқу талаптарынан сынақ алу сатылардың аяқталуына қарай қайта тапсыруға қосымша уақыт қалдырылып жоспарланады.