Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстары екі негізгі бөлімдерден тұрады



бет48/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстары екі негізгі бөлімдерден тұрады:

  1. Денені шынықтыру, яғни сауықтыру Президент тестін тапсыруға дайындау, секциялардағы Ж.Д.Д., (жалпы дене дайындығы) туристік жорықтар, жалпы көпшілік жарыстар мен денешынықтыру мерекелерін өткізу, сонымен бірге күн тәртібіндегі дене тәрбиесі шаралары.

  2. Спорттық бағыттағы жұмыстар - бұл спорт секцияларындағы оқу-жаттығу сабақтары және спорт түрлері бойынша жарыстар. Балалардың спорттық жаттығуларының негізгі ережесі, сонымен бірге спорттық бейімделу, хабардар болу және таңдау "спорттық дайындық" бөлімінде терең мазмұндалған.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру талаптары: Сыныптан тыс жұмыстардың барынша пайдалы әсері келесі мәселелерді шешуде айқындалады:

  1. Оқу жұмысының мазмұндық қабылдануына, сонымен бірге ұйымдастыру-әдістемелік жоспарына тығыз байланысты.

  2. Кең ауқымдағы мектеп оқушыларын дене тәрбиесіне тарту үшін сабақтың орындалу мүмкіндігі және формасының әртүрлілігі.

  3. Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстарды мектептің оқу-тәрбие процесіндегі барлық жұмыстардың жүйесіне органикалық түрде кіргізу.

  4. Мектептің спорт базасын материалдық-техникалық жағынан жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, сыныптан тыс спорттық-сауықтыру шараларын ұйымдастыру, спорт секцияларына, командаларға жетекшілік жасау, қамқорлық жасайтын шефтік ұйымдармен, ата-аналар қоғамдастығының көмектерін пайдалану.

  5. Мектеп дирекциясы және педагогтары тарапынан мектеп дене мәдениеті ұжымының қызметіне нақты басшылық жасау.

Сыныптан тыс жұмыстарға педагогикалық басшылық жасау: Басшылық дұрыс жүргізілуі үшін педагогикалық ұжым мүшелері арасында міндеттерді дұрыс бөлісу, олардың әрекеттерінің келісімділігі және сол орынға лайықтылығы табысты басқаруға белгілі дәрежеде әсер етеді.
Директор-мектеп қызметкерлерінің бірегей топтасқан күш бағытын қамтамасыз етіп, жалпы мектептік жоспарда оқушылардың дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстары мәселелерін қарайды, дене тәрбие пәні мұғалімі мен келісе отырып сыныптан тыс дене мәдениеті жұмыстарының барынша кезек күттірмейтін мәселелерін педагогикалық кеңесте, ата-аналар комитеті отырыстарында және арнайы мәжілістерде талқылауға ұсынады, мектеп дене тәрбиесі ұжымының жұмысын бақылап, басшылық жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет