Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет45/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

3.Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні.
Халық қиялынан туып, баланы тәрбиелеудің құралына айналған ежелгі ойындар арнайы кұрал жабдықты, өткізетін орынды талғамайды. Ұлттық ойындарды мектепте оқу-тәрбие жұмысында пайдалануға қолайлы, ойын араласқан сабақтарда балалар өзін еркін ұстап, сабаққа ынтасы артады. Сабақты біріңғай әдістермен өте беру баланы жалықтырады, сабақтың арасында ойын араластырып отырса, оқушылыр сабақтың мазмұнына көп көңіл аударады, тез қабылдап ұғып алады. Ұлттық ойындарды әр сабақта күрделендіріп отырып, өткен сабақты қайталау кезінде де қолдануға болады.
Баланы тәрбиелеуде әдістемелік мәні зор ойын түрлерінің атқаратын ролі ерекше. Ойындар арқылы баланың бойында адамгершілік, эстетикалық, сезімдерді қалыптастыруға толық мүмкіндік бар. Оқушылардың өзара қарым-қатынасындағы татулығын тәрбие жұмысында дұрыс пайдалану үшін балалардың бір-біріне деген көз -қарасын білу керек. Мысалы (Көрші) ойыны .Бұл ойынның тәрбиелік мәні өте зор. Егер ойынға ер-қыз бала араластырып ойнатса,ойын үстінде олардың бірін-бірі сыйлау ұяңдық, нәзіктік, сезімдері арта түседі.
Оқу-тәрбие процесінде тәрбиенің тамаша құралы болып есептелетін халық ойындары оқушылардың ақыл-ойын жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтеді, қыймыл-қозғалысын дамытады, алған білімдерін күндегі өмірмен ұштастырады, басқа да адамға тән қасиеттерді жетілдіреді.
Үзіліс кезінде қимыл-қозғалыс ойындарын мүмкіндігінше қолданбау керек. Себебі жедел қимыл ойындарын ойнап келген бала келесі сабаққа дайын болуып, зейіні тұрақтануы және нерв жүйесі қалыпқа келу үшін біраз үақыт керек болады, сонымен бірге оқушының сабақ үстіндегі жұмыс қабілетін кемітеді. Әсіресе жазу, есеп, оқу сабақтарының сапалы өтуіне кедергі келтіреді. Осыны ескере отырып ойындарды дұрыс іріктеуге көп көңіл бөлу керек. Дегенмен бастауыш сыныптарда қимыл ойындарын өткізуге болады. Мысалы (үш орындық )ойыны. .Бұл ойынды балалардың сабақ үстіндегі іс-әрекетіне өздерін баяу ұстайтын балаларды іріктеп алу кажеттілігі туындайды. Осы арқылы балалардың өнерге кұштарлығы оянса, сонымен қатар баяу қимылдайтын оқушыларды шапшаңдыққа үйретеді.
Бастауыш сыныпта сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта да жұмбақ шешу ойындарын ойнатуға болады. Алдымен сыныпта үйренген жұмбақтарын жасырып, соңында ата-анасынан үйренген, естіген жұмбақтарын жасыруға болады. Орта сыныптарда жұмбақты бастаушы жасырып, қалған оқушылыр, топқа бөлініп шешеді, жинаған ұпайларына қарай көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында қолдың, аяқтың, кеуденің, бастың негізгі қалыптары мен қозғалыстары тақырыптарына байланысты, жаттығуларды өткен кезде маңызы зор және ойындарға сыныптағы оқушылар бәрі қатысады, және қозғалысқа қажетті барлық қимылдар бар. Мысалы ( Айгөйлек, соқыр теке,ұшты-ұшты ойындары.) Ойындарды сабақтың тақырыбына сай қолдануға болады. Оқушылардың дене тәрбиесі сабағындағы қолданылатын ұлттық ойындар баланың денесін дамытуға, ұлшық еттерінің жетілуіне әсері мол. Оқушылардың мінез-құлқын қалыптастыруға игі әсері бар. Мұғалім оқушыларға тек ойынды тақырыпқа ыңғайлап ала салмай, әрбір ойынның тәрбиелік мәніне, оқушыларға берер білімділік, тәрбиелік, маңызына көңіл бөлу керек. "Секіру" тақырыбын өткенде оқушылырға ежелгі ойындардың бірі "Қарғымақ" ойынын ойнатуға болады. Бұл ойын көбінесе сабақтың екінші жартысында өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет