12-лекция Лекция тақырыбы: Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесіндегі қазақтың ұлттық ойындарының рөлі.
Жоспары: 1. Қазақтың ұлттық ойындары.
2.Ұлттық ойындардың түрлері.
3. Ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні.
Лекция мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесіндегі қазақтың ұлттық ойындарының ерекшеліктерімен таныстыру.
Мазмұны: 1.Қазақтың ұлттық ойындары. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан" -2030 стратегиялақ даму бағдарламасында ұзақ басым мақсаттардың бірі ретінде Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту ,салауатты өмір салтын ынталандыру шарасын атап көрсетеді. Осы тұрғыда денсаулығы мықты ,адамгершілігі жоғары,жан -жақты дамыған қоғам құру үшін көрсетілген негізгі бағыттардың қатарына халақтың дене тәрбиесімен айналысу шаралары орын алған. Бұл жүктелген міндетті орындау үшін ұстаздар оқу-тәрбие процесіне шығармашылықпен қарап ,күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануы, оқытудың жаңа әдіс-тәсілін қолдануы қажет . Сондай оку-тәрбие негіздерінің бірі -ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар -халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға мирас болып , сандаған ұрпақтың керегіне жарап , өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы.
Ұлттық тәрбие - дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып казіргі кезде толыққанды болып жеткен баға жетпес бай мұра. Ол-халқымыздың ұлттық қадір- қасиеті, ой арманы, тұрмыс-тіршілігі және салт - дәстүрмен бірте қайнасып келе жатқан кұнды қазына.
Осындай кұнды еңбектер туралы зерттеуші А.Құралбекұлы латын тіліндегі түпнұсқаны , қазақша аудурып ұсынған. Атап айтқанда , Ғ. Құдайқұлұлының 1936 жылы шыққан (Мектеп балаларының өлеңдері), 1932 жылы жарық көрген А.Нұралының Ауыл пионерінің ойыны мен өлеңдері , Е.Апиркиннің (Елдегі оқушылар мен жастардың дене тәрбиелеу жолы ) (1929ж) еңбегі. Ж.Нұрбекұлының (Дене тәрбиесінің программасы) еңбегінде ,зерттеуші дене тәрбиесіне пайдалы ұлттық қозғалмалы ойындардың жастарды дене шынықтыру ісі мен әскер өнеріне үйретудегі әдіс- тәсілдері жайында баяндайды .
Ұлт ойындары - халық педагогикасының негізін қалаушы сала ретінде оқушыларға жан- жақты білім беруде, олардың өмір тәжирбелерін кеңейтуге аса қажетті тәрбие құралдарының бірі. Соңғы жылдары республика мектептерінде бұл салада біраз игі істер атқарылуда. Ұлт ойындары әсіресе жеке пәндерді оқыту барысында жиі қолданылуда . Сондай пәндердің бірі дене тәрбиесі сабағы. Бұған дейінгі осы мәселедегі іс-тәжірибелерге сүйенетін болсақ, дене тәрбиесі сабағына ұлттық ойындарды енгізе отырып , өткізудің өзіндік орны, қасиеті және ерекшеліктері бар. Дене шынықтыру сабақтарында халақ ойындарын пайдалану оқытушының күнделікті сабаққа әзірлену барысында белгіленіп сабақ жоспарында көрсетіледі. Халық ойындарын сабақтың басында, ортасында, аяғында да өткізе беруге болады.