Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


“Кел, ойнайық” аялдамасы, тоқтау уақыты -3минут



бет42/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

5.“Кел, ойнайық” аялдамасы, тоқтау уақыты -3минут.
Топтар бір-біріне , бірінші топ екіншіге ,үшінші топ төртінші топқа қарама-қарсы тізбектеліп тұрады.Әр топтың бірінші нөмерлі ойыншылары қолдарынан ұстасып , кішкене шеңбер жасайды, төртінші, бесінші , алтыншы, жетінші нөмерлер үлкен ішкі шеңбер жасайды.Кіші және үлкен шеңбердегі ойыншылар қолдарын жіберіп бастапқы тұру қалпына оралады.Өздері тұрған орындары бойынша ұпай қойылады.Мысалы:1-2-3-4.Ойын 2-3 рет қайталанады.Әрбір қайталау барысында қозғалу бағыты өзгеріп отырады.
6.“Зейінділік” аялдамасы ,тоқтау уақыты -3 минут.
Ойынға қатысушылар топ бойынша жалпы бір қатарға тұрады.Аялдама бастығы ойынның ережесімен және тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалап отырады.Аялдама бастығының “топ” деген бұйрығы бойынша тапсырма орындалады.Мысалы: “Топ оңға!” бұйрығы бойынша барлығы оңға бұрылады.Бұйрықсыз қимыл орындалмайды.Егер ойыншылар ережені бұзса , бір қадам алға жылжиды.Ойын нәтижелі болу үшін бұйрық жылдам , нақты , қимыл түрлері өзгертіліп отырылуы керек.Мысалы, қол жоғарыда , төменде отырып тұру, бір орында жүгіру ,секіру, т.с.с.Берілген тапсырманы сапалы орындаған топ жеңеді.
7. “Құрастыру” аялдамасы, тоқтау уақыты -7 минут.
Ойынға қатысушылар жалпы бір қатарға тұрады,шеңберде картоннан қиылған гүлдердін жапырағы , бұтағы, шеңбер қиындылары боялады.Боялған жағы көрінбейді.Топтар қызыл , жасыл , көк, сары болып бөлінеді.Заттардың саны ойнаушылардың санына сәйкес болу керек.Белгі бойынша әр топтан бірінші нөмердегі ойнаушы жүгіріп келеді.Олар өздерінің түсіне сәйкес шеңберді табу керек.2-3 нөмерлі ойыншылар гүлдің жапырағы, қалғандары бұтағын тауып құрастырады.Негізі мақсат, жылдам гүлді құрастыру.Ұпай шеңбер бойынша белгіленеді.Ойынның соңында барлық ұпай саны есептелініп, жеңіске жеткен топқа әділ қазылар өз бағасын береді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Спорт кешені

  2. Спорт зал

  3. Спорт алаңы

  4. Қажетті құрал жабдықтар

  5. Швет стенасы

  6. Гимнастикалық орындық

  7. Спорт алаңының жабдықталуы.

  8. Гимнастикалық залды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет