Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет44/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

2.Ұлттық ойындардың түрлері.


Ойындар мазмұны бойынша қимыл-қозғалыс (сюжетті, сюжетсіз) ойындар және спорттық ойындарға бөлінеді.
І.Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада өмірдегі оқиғаны немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Мысалы (мысық пен тышқан,) ойындары.
2.Сюжетсіз қимыл-қозғалыс ойындары.Бұл ойындар балаларды алағы түсінікті мақсатқа жетелейтін қызықты қимылдайтын іс-әрекеттерден тұрады.Олар топтап жүгіру, жүру, ұстап алу және жарыс нышандары бар ойындар.Мысалы(Кімнің тобы тез сапқа тұрады,белбеу тастау)ойындары.
З.Спорттық нышандары бар ойындар.Бұл ойындардың ерекшеліктері балалар ойынды өз беттерінше ұйымдастыра алған кезде жүргізіледі.Спорттық нышандары бар ойындар балалардың жинақылығын ұйымшылдығын, байқағыштығын, қолайлы қимыл техникасын, ұшқыр қимыл сезімін талап етеді. Мысалы( Ақ серек, көк серек, ¥шты,ұшты). ойындары.
Е.Сағындықовтың "Қазақтың ұлттық ойындары" деген кітабында ұлт ойындарының шығу тарихы ,мазмұны және ұйымдастырып жүргізу тәсілдері баяндалған. Кітапта ұлт ойындары мазмұнына байланысты үш топқа бөлінген.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай, және алуан түрлі болып келеді. Ұлттық ойындар тақырыбына, мазмұнына, көздеген мақсатына байланысты негізінен үш салаға бөлінеді.

  1. Ойын сауық ,тұрмыс- салт ойындары.

  2. Дене шынықтыру , спорт ойындары.

  3. Оймен келетін ойындар.

1.Ойын сауық ,тұрмыс- салт ойындарының түрлері өте көп.Ұлт ойындарының бұл тобына халқымыздың өміріндегі , тұрмысында қалыптасқан өнер мен білім,жастар арасындағы ойын сауықтар, халықтың мақал мәтелдері, ата-бабадан келе жатқан дәстүрді түсінуге көмектеседі. Мысалы:(Белбеу тастау, алтыбақан,айтыс, сақина тастау)
2. Дене шынықтыру , спорт ойындары қазақ халқының өмірінде үлкен орын алады, дене шынықтыру сабағында дәрбие саласында маңызы өте зор. Дене шынықтыру , спорт ойындары нышаны бар ұлт ойындары жастарды батылдыққа, ептілікке, қайраттылыққа, тапқырлыққа,ұжымдық тәрбиеге, шығармашылық ынтымақтастыққа , бағдарлай білуге тәрбиелей отырып танымдық қаблетін жетілдіреді. Мысалы :(Қазан доп, кім жылдам, ақ сүйек.)
3.Оймен келетін ойындар балалардың логикалық ойын жетілдіреді, математикалық шеберлігінің дамуына көмектеседі.Бұл ойындар ойдың жетекшісі, сонымен бірге қисындылық ,бірізділік принципіне сүйене отырып шешуге болады.Мысалы:(Тоғыз құмалақ, қай қолымда,)Ойын барысында балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл ағзада жігерлі жағдай туғызады. Зат алмасу процесін күшейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет