Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет37/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Секірулер. Секірулердің сан алуан түрлері бар, ұзындық пен биіктікке бір орыннан және екпінмен секіру, жоғарыдан секіру. Әрбір секіруде қозғалыстық төрт сатысы болады: 1) дайындық 2) серпілу 3) көтерілу 4) жерге түсу.
Дайындық сатысының мәні — серпінуге мейлінше мол күшті және көтерілу кезінде алғашқы ең жоғары жылдамдықты тудыратын серпінуге анағурлым қолайлы жағдай жасау.
Серпіну сатысы - серпінудің аса маңызды бөлігі. Серпіну көтерілуге қажетті жылдамдықты тудырады және оған дұрыс бағыт береді. Серпіну қысқа мерзімді, ширақ, болуы тиіс.
Секіруші көтерілу сатысында қашықтықты немесе кедергіні игеру үшін денені неғурлым оңтайлы жағдайда ұстайды, сондай — ақ, жерге түсуге дайындалады. Секірудің бұл сатысының негізгі міндеті — үдемелі қозғалыс жылдамдығын тоқтату және тепе — теңдікті сақтау.
Секірулердің барлық түрлері қозғалыстың жоғары үйлесімділігін талап етеді. Әсіресе кедергілерден өтумен және екпінмен секірумен байланысты секірулер, екпінді белгіленген жерде серпінумен; және әрі қарай планка арқылы өтумен үйлестіруге тура келеді. Секірулер оқушылардың бүкіл организміне игі әсер етеді. Оларды орындау кезінде қан айналысы мен тыныс алуы күшейеді, аяқтық, іштік және бүкіл дененің бұлшық еттері жетіледі, төменгі жақтың сіңірлері мен буындары қатаяды.
Өрмелеу деп әртүрлі заттармен, гимнастикалық сатымен, жеңіл басқышпен алты бүйірлі сатымен, арқанды сатымен, ағашпен және т.б. орын ауыстыруды айтады. Өрмелегенде қолдар мен иық белдеуінің бұлшық еттері де іске қосылады. Өрмелеп жаттығудың барлығы қолға және аяқка тіреу, асылу мен тіреуді араластыру арқылы өткізіледі. Өрмелеу, аттап өту, арасынан өту жаттығулары баланың денесін жарасымды жетілдіруге және тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер етеді; олар балаларды батылдыққа, ептілікке тәрбиелеп, олардың өз күштеріне деген сенімділігін арттырады.
Лақтыру мен қағып алу балалардың қозғалыс қызметінде және ойындарында кең тараған. Лақтыру мен қағып алу жаттығулары ептілікке, көздегіштікке тәрбиелейді, аяқ, кеуде және әсіресе қол мен иық белдеуінің бұлшық еттерін қатайтуға жағдай жасайды. Бұл жаттығу балалардан барынша зор көңіл бөлуді талап етеді, өйткені лақтырғанда затқа белгілі бір бағыт, траектория мен ұшу жылдамдығын беру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет