Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет34/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Дене шынықтыру пәнінен мектеп бағдарламасы: Мектепте денешынықтыру пәні негізі оқу пәнінің бірі ретінде оқытылады. Оқу жоспарындағы басқа пәндер сияқты денешынықтыру пәнінің де жалпы білім беру бағыты бар және оны оқьпу міндетті болып табылады. Дене шынықтыру пәнінен екі немесе үш рет сабақ өткізіліп, бір оқу жылына әрбір сыныпқа 70-105 жүктеме сағатты кұрайды. Пәннің тақырыптық мазмұны және оқушыларға қойылатын талаптары Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламамен айкындалады. Дене шынықтыру пәнінен мектеп бағдарламасы үш өзара байланыстағы бірақ бөлек жасалған бөлімдерден тұрады. Орта мектептің І-ІІІ (мектептің бастауыш сыньштарына сабақ беретін мұғалімдер үшін басқа пәндермен бірге жасалған бағдарлама), ІV-VIII және ІХ-ХІ сыныптары үшін бағдарлама.
Бағдарламанын түсіндірмелік жазбасында пәнді оқытудың басқа мақсаттарымен бірге сыныпта өтілетін сабақ кезінде іске асырылатын міндеттері көрсетілген және оқу материалын жоспарлауға, меңгерілуік бақылауға байланысты кейбір жалпы ұсыныстар беріледі.
Әрбір сыныпқа арналған бағдарламалық материал тараулар бойынша мазмұндалады.
1.І-ІІ сыныптарда бағдарламалық материал төртеу; ілімдік мәліметтер, гимнастика, қозғалыс-қимыл ойындары, шаңғы дайындығы (республиканын оңтүстік аймақтарында кросстык дайындык)- Одан әрі оларға мыналар қосылады:
III сыныпта - женіл атлетика, IV сыныптан - суға жүзу (келесі сыныптарда бұл тарау қосымша сабақ болып саналып, мектеп спорт ғимараттарының спорт базасынын жағдайына қарай оқытылып, үйретіледі);
Бағдарламалар тарауларының мазмұны
Білімдік мәліметтер тарауының мазмұны негізгі үш тақырыпқа топтастырылуы тиіс: 1.Гигиена 2."Гимнастика" 3."Суға жүзу" тарауы
1.Гигиена - жалпы дене жаттығулары, Қазақстандағы дене медениеті және дене жаттығуларымен өз бетінше шұғылдана білуге кажетті мәліметтер. Әрбір сыныпта оқушылар өз жасындағылар үшін күн тәртібі туралы білімді алуы, шынығу процедурасы, соқымен бірге мыналарды білуі тиіс: I және I сыныптарда дене жаттығуларымен шұғылдануға арналған киімді және одан кейінгі гигиеналық процедураларды, дене тұлғасы пішіні, дұрыс тыныс алу және таңертеңгілік гигиеналық гимнастика туралы; ІІІ-ІV сыныптарда - белсенді демалыс түрлері туралы
2."Гимнастика" тарауы оқушылардың жалпы дене дайындығының негізін құрайды. Мұнда сыныптарда гимнастиканың қозғалыс жүйесін құру, жасау үшін, яғни әрекеттерінің берік негізі мен ережелерін оқытып, үйретуде ерекше маңызы бар Гимнастиканың ерекшеліктеріне сәйкес тарау материалдардың әрбір сабақтағы түрлерімен сипатталады. Гимнастиканы оқып, үйрену жекелеген әдістерді мілігерумен шектелмейді, Жаттығу элементтерін дәл орындау барысында үрделіленген қозғалыс әрекетін косуды дамыту кабілетін үйлестіреді.
Оқытып-үйрету барынша манызды соңғы қозғалыс формасын меңгеруді ғана болжалдамайды (мысалы, тура жүгіріп келіп аяқты бүгіп секіру), сонымен бірге қозғалыс тәжірибесін жан-жақты байыту, қозғалыс әрекетінің мүмкін болатын вариантын жетілдіру (мысалы, бір орында, жіппен теренге, айналып әртүрлі биіктікке секіру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет