4. Әбжілдік дегеніміз – шапшаң, дәл, нақтылы мақсатқа сәйкес, үнеммен өзгермелі жағдайда қозғалыс міндеттерін шешу болып табылады. Әбжілдік жаңа қозғалыстарды тез меңгеру бліктілігі мен әр түрлі қозғалыс сипаттамасын дифференциялау және басқару, өзгермелі жағдайға сәйкес қозғалыс қызметі барысында оны ойдан шығару Әбжілдікке тәрбиелеу міндеттемелер мыналар:
- үйлесімді – күрделі қозғалыс тапсырмаларын меңгеру.
- өзгермелі жағдайға сәйкес қозғалыс әрекетіне қарай тез икемделу.
- тапсырма бойынша қозғалыс әрекетінің дәл көшірмесін орындай білу дәрежесін арттыру.
Бақылыу сұрақтары:
1. Дене тәрбиесіндегі қозғалыс дағдыларын үйрету әдістемесі
2 .Күш және оны дамыту әдістемесі.
2. Төзімділікке тәрбиелеу және дамыту әдістемесі.
3. Әбжілдікке тәрбиелеу және дамыту әдістемесі.
4. Дене тәрбиесіндегі қозғалыс гигиенасын сақтау.
5. Дағдының қалыптасуы
6. Шаршау және төзімділіктің айырмашылығы.
Тоғызыншы лекция: Оқушылардың дене тәрбиесінің ұйымдастырылу формалары.
Жоспары:1.Мектептегі дене мәдениетінің ұйымдастыру формалары:
2.Дене шынықтыру пәнінен мектеп бағдарламасы
3.Бағдарламалар тарауларының мазмұны
Мақсаты: Оқушыларды дене мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін меңгерту.
Лекция мазмұны: Мектептегі дене мәдениетінің ұйымдастыру формалары: Оқушыларды дене мәдениетіне тәрбиелеудің әртүрлі міндеттерін іске асыру үшін сан қырлы әрекет жүйесі, әртүрлі өзара байланыстағы мекемелерді, ұйымдарды және жеке тұлғаларды қатыстыру арқылы мектепте, мектептен тыс мекемелерде, от басында оқыту, тәрбиелеу және демалдыру формалары талап етіледі.
Шұғылданудын сабақта және сабақтан тыс ұйымдастыру формалары бірін-бірі толыктырып жан-жақты әсер етуге мүмкіндік береді. Үйрету және белсенді демалыс элементтері бұларда әртүрлі сапада педагогикалық басқарудың денгейіне қарай шешіледі.
Мектептегі дене мәдениетінің ұйымдастыру формалары:
1) "Денешынықтыру" пәні сабағы. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша аптасына 2 немесе 3 рет міндетті түрде өтілетін сабақ яғни денеге білім берудің негізін құрайды, сондықтан бұл маңызды форма болып табылады.
2) Мектеп күн (режимі) тәртібіндегі белсенді демалыс формасы сонымен бірге
сабаққа дейінгі гигиеналық гимнастика, денешынықтыру үзілістері үшін үзілістерде
ойындар ұйымдастыру сияқты ұзартылған күн тобы.
3) Сыныптан тыс жұмыс формасы: а) Төменгі сынып оқушыларының
үйірмелердегі, барлык талапкерлердің секциялардағы жалпы қиындығы,
әсіресе медициналық дайындық топтарындағы және спорт түрлері секциялардағы жаттығу сабақтар жаттығу сабақтары; ә) Көп оқушылардың қатысуымен, жоғары талғаммен, адамдардың көңіл-күйін көтеретіндей атмосферамен мерекелік деңгейде өткізілетін спорт жарыстары, спорттық мерекелер, ойындар, туристік жорықтар және т.б. іс-шаралар; б) Тақырыптық саяхат (экскурция),спорттық тақырыптарға кино, бейне фильмдер көрсету, спорттық көріністер (показательные выступление), танымал, белгілі, атақты спортшылармен кездесу өткізу және басқа да үгіт-насихат шаралары.
Достарыңызбен бөлісу: |