Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет31/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Жалпы төзімділік - арнайы төзімділікті тәрбиелеудің негізі. Жалпы төзімділікке тәрбиелеу, жүрек қан тамырлары, тыныс алу және тағы басқа жүйелер жатады. Жалпы төзімділікті тәрбиелеудегі жаттығу жұмысы ағзаның вегетативтік жүйесінің белсенді оттегі алмасуы жаттығудың арттырылуымен, жоғары емес қарқынмен ұзақ жұмыс істеу арқылы, биохимиялық жұмыс тәртібінің жәрдемімен, жетілдірумен тұжырымдалады. Жалпы төзімділікті тәрбиелеу әдісі мына төмендегі түрлерге бөлінеді:
Арнайы төзімділік - пайда болған шалдығуға қарамастан белгілі бір еңбек немесе спорттық қызметте жұмысты тиімді орындау қабілеті. Арнайы төзімділік түрлері былай айтылады: жылдамдық, күш, статистикалық, кейбір спорт ойындарындағы циклмен орындалатын жаттығуларда 100-200 метрге жүгіру жылдамдық, төзімділігі қысқа уақыт аралығында жаттығу қарқынының өте жоғарылылығынан жүрек – қан айналу және т.б. тыныс алу жүйелері бұлшық еттерді оттегімен қамтамасыз ете алмауынан, елеулі оттегі жетіспеушілігінің пайда болуымен байланысты.
Статистикалық (тұрақты қалып)күш салу төзімділігі - тұрақты қалпын өзгертпей ұзақ уақыт аралығында, бұлшық ет қуатын сақтай білу қабілеті. Жай кезде бұл тәртіппен жекеленген бұлшық ет топтары ғана жұмыс істейді. Мұнда оның созылуы арасында қарама-қарсы тәуелділік бар, яғни күш салу неғұрлым көп болса, соғұрлым жаттығудың созылу уақыты қысқа болады. Төзімділікті тәрбиелеу – күрделі қызмет тәртібі, өйткені ол шұғылданушылардың елеулі ерік-жігер күш салуын талап етеді. Төзімділік деңгейінің артуы сабақ барысында жаттығушылар белгілі бір дәрежеге дейін шаршап, өздерін нашар сезіну нәтижесінде байқалады. Арнайы төзімділікті дамыту үшін төзімділіктің базалық деңгейі, яғни жалпы төзімділік қажет. Төзімділікті дамытудың әдістемесі әр түрлі. Жаттығуды орындау кезінде жүктеменің кейбір төменде көрсетілген құрамдас бөліктерін ескеру қажет:
1) Жаттығудың қарқындылығы.
2) Жаттығудың жалғасу ұзақтығы.
3) Жаттығу арасындағы демалыс ара қашықтығының ұзақтығы және оның сипаты.
4) Қайталаудың саны.
Бұл бөліктердің үйлесімділігі ағзаның әр түрлі жолдан беру реакцияларын шақырып, төзімділік түрлерін тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет