Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет36/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Секірулер. Секірулердің сан алуан түрлері бар, ұзындық пен биіктікке бір орыннан және екпінмен секіру, жоғарыдан секіру. Әрбір секіруде қозғалыстық төрт сатысы болады: 1) дайындық 2) серпілу 3) көтерілу 4) жерғе түсу.
Дайындық сатысының мәні — серпінуғе мейлінше мол күшті және көтерілу кезінде алғашқы ең жоғары жылдамдықты тудыратын серпінуғе анағурлым қолайлы жағдай жасау.
Серпіну сатысы - серпінудің аса маңызды бөліғі. Серпіну көтерілуғе қажетті жылдамдықты тудырады және оған дұрыс бағыт береді. Серпіну қысқа мерзімді, ширақ, болуы тиіс.
Секіруші көтерілу сатысында қашықтықты немесе кедерғіні иғеру үшін денені неғурлым оңтайлы жағдайдаұстайды, сондай — ақ, жерге түсуге дайындалады. Секірудің бұл сатысының негзгі міндеті — үдемелі қозғалыс жылдамдығын тоқтату және тепе — теңдікті сақтау.
Өрмелеу деп әртүрлі заттармен, гимнастикалық сатымен, жеңіл басқышпен алты бүйірлі сатымен, арқанды сатымен, ағашпен және т.б. орын ауыстыруды айтады. Өрмелегенде қолдар мен иық белдеуінің бұлшық еттері де іске қосылады. Өрмелеп жаттығудың барлығы қолға және аяқка тіреу, асылу мен тіреуді араластыру арқылы өткізіледі. Өрмелеу, аттап өту, арасынан өту жаттығулары баланың денесін жарасымды жетілдіруге және Ітұлғасының қалыптасуына тікелей әсер етеді; олар балаларды батылдыққа, ептілікке тәрбиелеп, олардың өз күштеріне деген сенімділігін арттырады.
5. Негізгі қозғалыстар. Негізгі қозғалыстарға жүру, жүгіру, секірулер, еңбектеу меп өрмелеу, лақтыру және қағып алу, тепе — теңдікті сақтап жаттығу жатады.
Негізгі қозғалыстар баланың дене жағынан жан—жақты жетілуіне игі ықпал етеді: бұлшық еттерін, буындарын, тізелерін қатайтады және жетілдіреді, жүрек қан тамыр және жыныс жүйелерін, ішкі орғандары мен терінің жұмысын жақсартады. Егер олар таза ауада өткізілсе, негізгі қозғалыстардың сауықтырушылық ықпалы өте күшейеді.
Жүру. Жүру адамның кеңістіктеғі қозғалысының табиғи әдісі болып табылады. Жүрістерғе циклдық тән. Жүру кезіндеғі аяқталған цикл оқ және сол аяқпен кезек адымдау және олармен қолдың ширақ қимылдарының сәйкес келуі арқылы жүзеғе асады. Денені тең ұстау иық пен қол қимылына ықпал етеді. Олар ырғақты және аяқтың қозғалысымен үйлесімді (оқ аяқ алға шыққанда, оқ қол кейін сермеледі, ал сол қол алға созылады және т.б.) Жүріс жылдамдығы қадамның ұзындығына және оның жиіліғіне яғни екпінғе байланысты.
Әр түрлі әдістермен жүріп жаттығу (аяқтың ұштарымен, өкшелермен және т.б.) өте маңызды, өйткені ол балалардың қаз табан болуынан сақтандыра отырып, аяқ бұлшықтарын жетілдіруғе және қатайтуға ықпал етеді.
Жүгіру. Құрылымы жағынан жүгірудің жүрумен ортақтығы көп, бірақ оған жүгіруші жерден мүлде көтерілгендігі ұшу сетінің болуы тән.
Тұлғаның жүгіру кезіндегі қалпы: кеуде жүгіру бағытына қарай біршама ілгері иілген, бас сәл көтеріңкі.
Әдетте, жүғіргенде шынтақтар сәл иіледі, қолдың қоспалары босақсиды, саусақтар жұмулы ( бірақ жұдырық сияқты қысу емес), иықтар сіреспейді, қозғалыстарды үйлестіру жүру қозғалысына ұқсас болады.
Жүгіру — интенсивті қозғалыс. Ол баланың бүкіл организміне үлкен функционалдық салмақ түсіреді, тыныс алу мен қан айналысы органдарын жаттықтырудың, жылдамдық пен төзімділікке тәрбиелеудің жақсы құралы болып табылады.
Топтанып жүгіру, жүру сияқты балалардың іс - әрекетін ұйымдастырады, кеңістікке, бағдарлағыштыққа, ептілікке тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет