Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет24/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Оқу жұмысының негізгі жоспарлары: Мектеп жұмыстарының тәжірибесінде дене тәрбиесін жоспарлаудың міндетті сабақ процесінде орындалатын негізгі құжаттары жылдық, тоқсандық және әрбір сабаққа жасалынатын жоспарлар болып саналады.
Сабақ конспектісі- оқу жұмысын жоспарлаудың соңғы құжаты, яғни тоқсанға жасалынған жоспардың негізінде әрбір жеке сабаққа жасалынатын жоспар оны сабақтың міндеттері мен мазмұнын бөлшектеу арқылы айырады. Сабақ конспектісі – оқу жұмысының ең соңғы өнімі, яғни ол тоқсандық жоспар негізінде жасалынады. Оны міндеттер мен мазмұнды талдап тексеру, нақтылау арқылы айырады. Конспект, тоқсандық жоспардың жекелеген міндеттерінің негізінде нақтылы, айқын сабақ міндеттері көрінетін, бәрінен бұрын қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыратын мектептің дене тәрбиесінен білім берудегі ең басты жоспарлау құжаты болып табылады. Бұдан кейін қозғалыс сапаларын, тәрбиелік және білімді қалыптастыруды дамытуға байланысты міндеттер нақтыланады. Міндеттер оқушылардың белгіленген сабақты оқып, үйренуге байланысты дайындығын есептеп нақтылайды. Міндеттерге сәйкес сабақтың әрбір бөлімінің мазмұны мынадай жүйелілікпен анықталады: дайындық, негізгі және қорытынды бөлімдер. Дайындық, жалғастыру және негізгі жаттығулар, сияқты сабақтың міндетіне қарай әр жаттығудың орындалу уақыты, мөлшері, сол сияқты оқушылардың дайындық деңгейі белгіленеді. Оқытып, үйрету және тәрбиелеу әдістерінің барынша озық әдістері, сол сияқты оқушылар қызметі әрекетін ұйымдастыру әдістері анықталады. Оқу материалын, қосымша жеке өзіндік, дербес және үй тапсырмаларын меңгеру сапасын бақылауды іске асыру алдын-ала қарастырылады.
Сабақ конспектісінің типтік үлгісі төменде көрсетілген:
Денешынықтыру пәнінен ____ сыныпқа арналған N ____ сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: _________________________________________________________ _________________________________________________________

Сабақтың мақсаты мен міндеті:


1 _________________________________________
2 _________________________________________
3 _________________________________________
Өткізілетін күні: ____________________________
Өткізілетін орны: ____________________________
Сабаққа қажетті спорт
құрал-жабдықтары : _________________________



Сабақтың бөлімдері және олардың созылу уақыты

Сабақтың мазмұны

Мөлшері өлшемі,салмағы

Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқау

Сабақ барасы бойынша ескертпелер

1

2

3

4

5

Сабақ конспектісі барынша нақты, қысқа, бірақ мазмұндық мағынасы жағынан толық ұғынықты болуы тиіс; қысқартылған сөздер спорт терминологиясынан ауытқымауы тиіс.


Сабақтың мақсаты мен міндеті мынандай жүйелілікпен аталады: білім беру (қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру); сауықтыру (қозғалыс сапаларын дамытуды қосу); білім беру (дене тәрбиесінен білім беруде оқытып, үйрету).
Сабақтың созылып, өту уақыты оқу күнінің сабақ кестесінде көрсетіледі (басталуы, аяқталуы). Бұл сабақ мазмұнын анықтау кезінде оқушылардың жұмыс қабілеті деңгейін есепке алуға жәрдемдеседі.
1.Сабақ жоспарының бірінші графасына сабақ бөлімдері, әрбір бөлімнің жүргізілу ұзақтығы (1-2 минут ауытқуы мүмкін) белгіленеді.
2.Екінші графасына сабақта жүйелі кезегіне сәйкес орындалатын жаттығулар (сапқа тұрғызудан бастап), сонымен бірге мұғалімнің оқытып, үйрету әдістері (сабақтың міндетін және ілімдік мәліметтерді түсіндіру) жазылады.
3.Сабақ жоспарының үшінші графасына мыналар белгіленеді: жалпы дамыту жаттығулары, эстафеталар, бөлінбейтін біртұтас қозғалыс әрекеттері (ұзындыққа секіру, лақтыру және т.б.), санға орындалатын, сапқа қайта тұрғызу, санмен немесе уақытқа қарай (бір рет орындалған болса) ; ойындар, уақытқа. Бұл жағдайда аталған көрсеткіштерді жазбада түсетін жүктеменің көлемі жағынан және қарқындылығының жиынтығының мөлшері барынша толық көрсетілген болуын үйлестіру орынды.
4.Төртінші графаны толтыру ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл графада нақтылы жаттығуларды үйрету кезінде пайдаланылатын әдістемелік тәсілдер көрсетіледі, сол сияқты жаттығулардың әдістерінің барынша маңызды бөліктерге бөлініп, әсіресе оқытып, үйрету процесінде ерекше назар аударуды қажет ететін, яғни бұданда бөлек әдеттегі қателерді жібермеудің алдын алатын нұсқау береді. Осы графада өнегелілік, құлықтылыққа әсер ету әдістері жазылады. Мысалы, оқушылардың дұрыс мінез-құлқы үлгісін, жұмысқа деген қатынасын, адамгершілік және ерік-жігер сапасын көрсетуін және т.б. пайдалану.
5.Бесінші графада сабақ соңында сын көзбен талдау және жоспарланғанды іске асыруды бағалау негізінде толтырылады. Бұл графада сабақты ұйымдастыруда және оның мазмұнындағы кемшіліктер, әдістемелік сипаттағы қателер атап көрсетіледі. Бұларды есте ұстау келесі сабақтарды өткізуге дайындық кезінде өз жемісін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет