Бақылау сұрақтары:
1.Сабаќта дене ж‰ктемелерін мµлшерлеп бµлу әдіс-тәсілдері.
2.Шаршаудың шартты белгілері.
3. Сабаќтыњ жалпы жєне моторлы тыѓыздыѓы.
4. Баќылау-‰йрету тапсырмасы
5. Дене жаттыѓуларымен ш±ѓылдану барысында даѓдыларын ќалыптастыру
6. Сабаќтыњ жалпы тыѓыздыѓы
7. Сабақтың типтері.
8.Сабақтың маторлы тығыздығы.
Төртінші лекция Тақырыбы: Дене шынықтыру құралдары
Жоспары.
1. Дене шынықтырудың негізгі құралдары.
2. Дене жаттығулары
3. Гимнастика, оның түрлері.
4. Спорт.
5. Ойын
6. Саяхаттар және еңбектегі гигиеналық жағдай.
Мақсаты: Дене шынықтыру құралдары туралы түсінік беру:
Лекция мәтіні: Дене шынықтырудың негізгі құралдары: дене жаттығулары , гимнастика, спорт, ойын, саяхаттар жаратылыстың табиғи күштері (ауа, күн, су) және еңбектегі гигиеналық жағдай.
Дене жаттығулары. Дене жаттығулары – дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы. Дене жаттығулары адамға жан – жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайын өзгертеді, арнайы іріктеп өткізілетін дене жаттығулары дене шынықтыру міндеттерін шешеді. Дене жаттығуларының ағзаға әсері толық жағдайға байланысты. Мұндай жағдайлар: - жаттығулар түрлерінің ағзаға әр түрлі әсер етуі; - дене жаттығуларын орындау барысындағы өткізілетін орын мен жағдайға байланыстылығы; - жаттығулар өлшемі, ұзақтығы, саны жас ерекшелігіне қарай жаттығудың орындалуы, жынысы, дене дайындығы деңгейі және айналысушының дене жағдайы; - сабақ барысындағы әдіс – тәсілдерді қолдануымен анықталады;
Гимнастика. Гимнастика - дене шынықтырудың негізгі құралының бірі - адамның денсаулығын нығайту мақсатындағы арнайы іріктелегн дене жаттығуларының ағзаға әсері, қозғалыс, іскерлік дағдыларын дамыту, ерік - жігер қасиеттерін қалыптастыру, сондай – ақ дене дамуындағы кейбір қайшылықтарды жою болып табылады.
Гимнастика жаттығуларының әр түрлілігі, ең қарапайым жаттығудан, күрделі жаттығуға ауысуы, аралас жаттығулардан, снарядсыз жасанды жаттығуларға көшуі, снарядтар қолданылатын жаттығулардың ағзаға жан – жақты әсері, сонымен қатар спортшының денесіне түсетін салмақтың нақты реттелуі арқылы ерекшеленеді.
Әр түрлі жастағы спортшылардың гимнастикалық жаттығуларды кең көлемде пайдалануы жоғарыда аталған ерекшелікті дәлелдейді.
Дене шынықтыру жүйесінің даму кезеңінде гимнастиканың міндеттері анықталып және олардың түрлері белгіленеді.
а) негізгі гимнастика; б) гигиеналық гимнастика; в) спорттық гимнастика;
г) акробатика; д) көркем гимнастика; е) қолданбалы гимнастика, оның құрамына спорттық қолданбалы гимнастика, өндірістік және емдік гимнастика жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |