Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет19/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Негізгі гимнастика. Негізгі гимнастиканың міндеті - денсаулықты нығайту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру және жалпы дене дайындығы, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, ағза жүйелерінің қызмет дәрежесін арттыру және дененің шынығуын қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі гимнастикаға: сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, жалпы дамыту жаттығулары, еркін, қолданбалы жаттығулар, снарядта орындалатын жаттығулар, тірек секіртулер, қарапайым акробатикалық жаттығулар және қимыл қозғалыс ойындары жатады.
Гигиеналық гимнастиканың міндеті - адам денсаулығын нығайту, денесін қалыптастыру, денесінің дамуы және жұмыс істеу қабілетін жоғарылату. Гигиеналық гимнастиканың негізгі міндеті жаттығуларды іріктеп алу барысында ағзаның негізгі жүйелерінің – тыныс алу, қан айналымы, зат алмасу, бұлшық ет топтарының жұмыс істеу қызметін нығайту.
Гигиеналық гимнастиканың кең көлемде қолданатын түрі ертеңгілік гимнастика болып табылады. Гигиненалық гимнастикамен жеке және топ түрінде айналысады. Осы жағдайда ертеңгілік гимнастиканың құрылысы қарапайым, жалпы жаттығулар тобынан құрылады. Бұл жаттығулар тобына кең көлемді жұртшылық үшін радиохабарлар арқылы берілген жаттығулар үлгісі жатады.
Спорттық гимнастика – дене шынықтыру құралдарының бір түрі болып табылады. Негізгі міндеті дененің қалыптасуы мен спорттық шеберліктің жоғары дәрежесіне жетуге бағытталған адамның икемділігін жетілдіру болып табылады.
Акробатика қимыл – қозғалыс пен моральдық – ерік қасиеттерін, күшті, ептілікті, икемділікті дамытуға көмектеседі, өз денесін ширақ меңгере білуге, ұшқыр сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққа тәрбиелейді.
Көркем гимнастика қимыл – қозғалысты жетілдіруде де спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканың негізгі жаттығулары қимыл – қозғалыстың жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнрелігін меңгертеді. Көркем гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика сияқты спорттық бағыты бар. Көркем гимнастикамен тек әйелдер айналысады.
Қолданбалы гимнастика: спорттық қолданбалы гимнастика, емдік гимнастика болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет