Глоссарий Дене тәрбиесі



Дата31.03.2020
өлшемі15.49 Kb.
 Глоссарий

 

Дене тәрбиесі – қозғалыс жүйесіндегі тәрбие түрі, арнайы дене шынықтыру білімін игеру, физикалық сананы тәрбиелеу.



Дене мәдениеті – қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі, дене тәрбиесінің жетістік бөлігі.

Саяхат – дене тәрбиесінің бағалы бөлігі, адамдардың табиғаттағы демалысы.

Гимнстика – денсаулықты нығайту мақсатында қолданылатын негізгі физикалық жаттығулар жүйесі.

Төзімділік – ағзаның белгілі бір уақытқа жұмыс жүктемесіне төзуі.

Күш – адамның сыртқы күш әсеріне төтеп беруі.

Жылдамдық – адамның белгілі бір әсерге аз уақыт жұмсауы.

Иілгіштік – адамның үлкен амплитудамен қозғалыс жасауы.

Шапшаңдық – адамның жаңа қозғалысты тез игеруі және бейімделуі.

Техника-тактикалық дайындық – бұл негізгі қозғалыс бейімдерін шығармашылық жағынан игеру.

Көкпар – ат үстіндегі ойын.

Аударыспақ – ат үстіндегі күрес.

Тоғыз-құмалақ – арифметикалық ойын.

Физикалық дайындық – дене тәрбиесінің жан жақты негізгі бөлімі.

 Күш – сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсету;


Жылдамдық – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекет;
Төзімділік – адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу;
Икемділік – адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу;
Ептілік – адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу;
Алаң – бір ойынға арналған орын;
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық білімммен қаруландыру;

Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі

Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.

Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі.

Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру.

Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.

Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.

Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.

Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру.

Спорттық жетістіктер – белгілі бір нәтижеге спортшының шеберлігі мен қабілетінің  көрсеткіші.

Спорттық нәтиже – спорттағы көрсеткіштердің  сандық және сапалық деңгейі. Спорт түрінің ерекшелігіне байланысты ол жалпыға белгілі өлшемдермен \кг, м, с. Немесе балл, ұпай және т.б.\ немесе басқа да салыстырмалы амалдармен  өлшенеді.

Спорттық машықтану – белгілі бір мерзім аралығындағы спортшы көрсеткіштерін қорытындылайтын, оған берілетін тұрақты мінездеме.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет