Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


Қатаң шектелген жаттығулар тәсілі



бет7/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Қатаң шектелген жаттығулар тәсілі. Бұл тәсілде жаттығушылардың іс – қимылдары ретімен шектеліп ұйымдастырылады.Бұлай ұйымдастыру бірнеше құрамдардан тұрады.
1. Алдын ала белгіленген жаттығуларды қатаң шектелген бағдарлама бойынша қайталануы.
2. Бастапқы түрдегі қозғалыс мөлшерін сақтап, дем алу кезіндегі аралық үзілістерді ескере отырып, қатаң тәртіпте ауырлық түсіру фазаларымен алмастырып отыру.
3. Жаттығу қимылдарын жеңілдету арқылы сыртқы күштерді туғызып және бар күшті дұрыс пайдалану.
Осы айтылғандарға сүйенетін болсақ қимыл – қозғалыстарды үйретуді бір – біріне жақын екі әдістемелік жолды атап өтуге болады.
1. Бөлшектеніп құрылған жаттығулар әдісі, яғни бөлшектеп үйрету.
2. Тұтас құрылған жаттығулар әдісі, қимыл – қозғалыстарды бір тұтастыққа үйрету.
2.Бөлшектеп оқыту тәсілі. Бөлшектеп машықтандыру әдісінің педагогикалық артықшылықтары:
1. Қозғалу қимылдарына машықтану процесін жеңілдетеді. Бұл ретте шәкірт мақсатқа аз жеке икемдік қимыл қорын келе – келе молайту жолымен жетеді. Соның нәтижесінде оның бойында қажетті қимыл икемділігі қалыптасады.
2. Бөліп – бөліп машықтандыру әрбір сабақ барысында үйрету процесін нақтылап оны орнықтыра түседі, өйткені шәкірттердің әрбір элементті табысты меңгеруі көңілде қанағаттанушылық сезімін оятады.
3. Қорытындаушы жаттығулардың мол болуы машықтану сабақтарының әр алуын болып түрленіп, үйрету процесінің тартымды болуына оң ықпал етеді.
4. Қимыл бөліктерін үйрену барысында жинақталатын қозғалысты қимыл машықтарының қомақты қоры балалардың қозғалып, қимылдауда тәжірибесін молайту мәселесін табысты етіп шешуге мүмкіндік береді.
5. Бөліп – бөліп үйрету әдісін қолдану естен шыққан машық- дағдыларды тез қалпына келтіруге ықпал етеді.
6. Бұл әдіс үйлестіру жағынан күрделі қимылдарды зерттеуде және жекелеген дене буындарына бұлшық ет топтарына әсер етуде аса қажетті. Сонымен бөліп – бөліп әдісі зерттелінетін қимылдарға творчествалық тұрғыдан талдау жасауға көмектеседі және қимылдарды тек олардың сыртқы түр – тұрпатында сезініп, қабылдауға мүмкіндік бермейді. Тұтас үйретудің кез – келген кезінде қолданыла береді.
3. Ойын тәсілі – Ойын әдісі дене тәрбиесіндегі ойындарға тән көптеген белгілермен сипатталады. Ойын дене тәрбиесінің құралы ғана емес, сонымен қатар ол үйрету мен тәрбиелеудің тиімді әдісі болып табылады. Сондықтан да ойын әдісінің табиғатын ұғыну үшін жалпы ойынның мәнін айқындап түсіне білу керек.
Дене тәрбиесіндегі кез келген ойынның мазмұнының негізін адам денесінің дамып, жетілуіне ықпал ететін қимылдар құрайды. Өйткені, гимнастика, спорт, туризм арасындағы айырмашылық көп жағдайда шарты болып келетінін айта кету керек. Бұл шарттылық олардың дамуы қарқынына қарай айқын көріне бастайды. Ойынды белгілі ережелер шегінде орындалатын қимылдардың жүйесі деп тану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет