Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


Алтыншы лекция. Тақырыбы: Дене тәрбиесін оқыту әдістері



бет6/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал
пед неправ, анализы сказок, 1 сынып көрнекілік
Алтыншы лекция. Тақырыбы: Дене тәрбиесін оқыту әдістері
Жоспары.
1. Қатаң шектелген жаттығулар тәсілі.
2. Бөлшектеп оқыту тәсілі.
3. Ойын тәсілі.
4.Жарыс тәсілі
5.Сөзді қолдану тәсілі.
6. Көрнекілік тәсілі.


Мақсаты: Дене тәрбиесін оқыту тәсілдерін меңгерту, талдау.
Лекция мәтіні:
1. Қатаң шектелген жаттығулар тәсілі. Педагогика құралдарының әсер етуі дене тәрбиесінің арнайы тәсілдері жаттығуларымен тығыз байланыста болады. Себебі тәрбиелеу мен оқытудың барысы жалпы педагоикалық тәсілсіз іске асуы мүмкін емес. Бұл тәсілдердің дене тәрбиесінде өз орны мен ерекшеліктері бар.
Дене тәрбиесіндегі тәсілдердің негізі және оны жүзеге асырып реттеуші жолы денеге ауыртпалық түсіру мен демалыстың белгілі бір заңдылығымен байланысты. Денеге ауырлық түсіру дегеніміз – белгілі бір қиыншылықтардың денеге әсер ету мөлшері.
Негізінен денеге ауырлық түсіру қалжырау арқылы қайта қалпына келіп, дененің жұмыс істеу қабілетін одан одан әрі дамытады. Егер бір жаттығуды денеге әсер етуші күш деп қарастырсақ, онда ауырлық көлемі оның әсер ету ұзақтығымен созылмалы орындалған жаттығулар көлеміне, ал ауырлық түсіру қарқыны сол кездегі әсер беруші күш көлемінің берілген сәтіне байланысты болады. Денеге ауырлық күші неғұрлым көп түссе, оның қарқыны соғұрлым аз болады. Керісінше, ауырлық бірыңғай деңгейде орындалса, үлкен көрсеткіштерге жетуге болады.
Дене тәрбиесіндегі демалыс баяу және белсенді болып екіге бөлінеді. Көп жағдайларда бұл екі демалыс қатар орындалады. Атап айтқанда, ауыртпалық түсіру кезінде бірінші белсенді демалыс беріліп, артынша баяу демалыс орындалады. Бұл демалулар арасындағы үзілістердің ұзақтығына байланысты аралық үш түрі қолданылады. Біркелкі үзіліс – белгіленген уақыт ішінде келесі күш жұмсағанға дейінгі денедегі күштің толық қалпына келуін және қосымша жұмсалмай келесі жаттығуды орындау аралығы. Қатаң үзіліс – келесі ауырлықты қабылдау кезінде объективті және субъективті күштерді шиеленістіреді. Төтенше үзіліс - келесі ауырлықтың әсерінен дене жұмысының қозғалыс қызметі көтеріліп, қозғалыс әдетіне бейімделу заңдылығы болады да, ауырлық түсіруден соң дененің қайтадан қалпына келуіне мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет