Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


Ойын әдісіне тән сипатты белгілер



бет8/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал
пед неправ, анализы сказок, 1 сынып көрнекілік
Ойын әдісіне тән сипатты белгілер:
1. Ойын қимылдарындағы айқын көрінетін бәсекелстік пен сезімділік.
2. Күрес жүргізу шарттарының қимыдарды жасау талаптарының ауытқып, өзгеріп отыруы.
3. Қимыл жасауда творчествалық , инициативаға жоғары талаптарды қою. Ойын жағдайларының түрленуі дене жаттығуларының нәтижелілігін дербес таңдауды талап етеді.
4. Қимылдар мен артық қимыл жүктемесі сипатында қатаң белгіленген уақыт тәртібінің жоқтығы.
5. Әр түрлі қимыл дағдылары мен сапаларының кешенді көрініс табуы.
6. Көп жағдайда ойыншылар арасындағы қарым – қатынас қандай бір зат, немесе доп арқылы атқарылады.
Сонымен ойын әдісі қимыл жасау машықтарымен қасиеттерін кешенді дамытуға, үйлестіруді жетілдіруге, жұмыстың тиісті қарқынын төмендетпей кірісіп кетуге мүмкіндіктер тудырады.
4. Жарыс тәсілі. Жарыс тәсілінің өзіне тән белгілері бар. Атап айтқанда, жарыс тәсілі арқылы кез- келген дене жаттығуларын орындауға болады. Өзіне тән белгілері бірнеше жолдармен ерекшеленеді:
1. Жаттығушылардың күшін салыстырып, олардың қимылын белгілі бір дәрежеге сәйкестендіріп, жеңімпаздарды айқындау.
2. Жарыс тәсілі жаттығушылардың функционалды және психикалық мүмкіншіліктерін толық ашудағы және дене дайындығын көтерудегі рөлі өте үлкен.
3. Оқушыларға берілген тапсырмаларды бір жүйеге келтіреді және жаттығуларды жетілдіріп, дене сапасын тәрбиелеу барысында шектеулі жағдайда қолданылады.
5. Сөзді қолдану тәсілі. Сөздің көмегімен мұғалім өз қызметінің конструктивтік, ұйымдастырушылық және басқа да жақтарын қамтитын көптеген функцияларды атқарады. Оқушылармен тілдесіп, олармен өзара қарым – қатынасты орындатады.
1. Сөздің мағыналық мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне және оқытудың мақсаттарына сай келуі тиіс.
2. Сөзді қолдану кезінде зерттелетін қимылдың тиімділігі жайында атап көрсету керек.
3. Сөз қимылдың жекелеген элементтері арасындағы байланысты анықтауға жәрдемдесуі керек.
4. Оқушыларға дене жаттығуларының техникасының негіздерін түсіндіруде мұғалімнің сөзіне үлкен мән беріледі. Осы мақсатта жекелеген сөздің көмекші құралдарын пайдалану қажет.
5. Сөз бейнеленген болуы керек. Бұл оның көнекілігін арттырып, оқушылар үшін түсінікті етеді.
6. Сөздің мағыналық қызметі дене тәрбиесіндегі терминология проблемаларын дұрыс шешу негізінен туындайды.
Әңгіме – материалды баяндау нысаны, мұғалім тарапынан оқушылардың ойлау қызметін ұйымдастыру кезінде жиі қолданылады.
Сипаттама – қимыл тупалы баланың ой – елесін ояту тәсілі. Суреттеу кезінде қимылға тән қасиеттерінің тізбегі беріледі.
Түсіндіру – қозғалыс қимылдарға саналы қатынасты қалыптастырудың маңызды тәсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет