Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі Тас дәуірі


-Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді, олар үңгірлерді



бет3/4
Дата28.12.2021
өлшемі371,24 Kb.
#128946
1   2   3   4
Байланысты:
1.1.Ежелгі тас дәуірі - Палеолит

-Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді, олар үңгірлерді паналады.

- Алғашқы адамдардың кәсібі: біріншісі терімшілік – жер бетінде, ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған жеміс-жидектерді, жеуге жарамды тамырларды, құс жұмыртқаларын қорек ету, екіншісі аң аулау – олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады. Аңдарды үркітіп, жарға қарай қуатын, үріккен аңдар қорқып, терең жарға құлады.

-Бірлесіп тамақ табу мен жабайы аңдардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды. Алғашқы адамдар тобыры бір жерде тұрақтамаған, қорек іздеу үшін көшіп-қонып жүрді. Тобырдың құрамы тұрақты болған жоқ, одан бөлінген адам басқа тобырға қосылатын. Кейде жаңа тобырлар қалыптасатын. Бір тобырда шамамен 20-30 адам топтасып жүрді.

- Ежелгі Палеолиттегі алғашқы адамдардың Қазақстан жеріндегі іздері:

-Жамбыл облысының Арыстанды өзені бойындағы, Қаратау маңындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты тұрақтары. Бұл тұрақтарды 1950-1960 жылдары Хасан Алпысбаев ашқан. Жалпы Жамбыл облысынан 5000-ға жуық тас құралы табылған. Олардың барлығы - қашау мен үшкір заттар.

-А.Медоев Батыс Қазақстандағы, Шығыс және Орталық Қазақстандағы тұрақтарды ашты.

-Сондай-ақ бұл кезеңге жататын тұрақтар:Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қазақстанның Оңтүстігіндегі Қазаңғап т.б тұрақтар

-Бұл тұрақтардан табылған тас құралдар: жарғыш сынатас, бифас, пышақ, қырғыштар, әртүрлі үшкіртастар. Бифас – екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құрал. Ретушь әдісі – бір қабаты өңделген тас құралдын жүзін ұсақ кертік-ойықтар жасау арқылы өткірлеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет