Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХAЗІPETІ СӘУДАМЕН ҮЙЛЕНУІ



бет83/107
Дата13.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#185222
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1
17.05.2021-ТОӨЖ-Авраев Е.М.-1күн, Педагогикадан тест дұрыс жауаптарымен
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХAЗІPETІ СӘУДАМЕН ҮЙЛЕНУІ
Мұнан соң Хаула Зәманың қызы Сәудаға бұйымтайын айта барды…
Хазіреті Сәуда — Сәкран ибн Амрдың әйелі. Ол алғаш мұсылмандықты мойындап, Хабашстанға көшіп, кейін Меккеге оралған. Сәуда Меккеге келген тұста бір күні түсінде айдың нұры сүзіліп үстіне құйылғанын көріп, тұра сала күйеуіне жорытқан. Сәкран:
“Егер түсің рас болса, менің жақында татар дәмім таусылып, сен басқа біреуге үйленесің” - деген.
Өзі айтқандайын, Сәкран арадан көп уақыт өтпей ауырып қайтыс болып, Хазіреті Сәуда бес баламен жесір қалады.
Осылайша тұрмыс тауқыметін жалғыз көтеріп, жанарын жас жуған Сәудаға күтпеген жерден пайғамбарымыздың ұсынысы жетеді. Қолқа салып, айттыра келген – Хаулаға жауап бере алмайды. Үйелмелі-сүйелмелі бес баламен Хазіреті Мұхаммедке жүк болуға ары жібермейді. Бірнеше күн өткенде Расулаллаhтың өзі Сәудаға жолығуға келеді.
Келген бетінде:
“Менімен некелесуге кедергі болатын не?” - деп сұрайды.
Хазіреті Сәуда:
“Шынымды айтсам, сіз секілді құрметті жаннан мұндай тілектің келуі әркімге бұйырмайтын бақ екенін білемін. Бірақ менің бұғанасы қатпаған бес балам сізге ауыртпалық болады ғой” - деді.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.):
“Аллаh саған рақым етсін! Әйелдердің ішінде ең қайырлысы – бала-шағасын өсіру үшін қиындыққа төзе білгендер. Балаларың маған ауыртпалық болмайды. Сені менімен некелестіру ісін туыстарыңның бірі жауапкершілігіне алсын” - деді.
Сәуда қайнысы Хатиб ибн Амрды куәгерлікке алып, пайғамбарлығының оныншы жылында Аллаh Елшісімен бас қосты. Ол кезде Хазіреті Сәуда елу бес жаста болатын.
Туған-туыстарынан бөлініп, тәухидтің туы астына жиналған, өз еркімен иман келтіріп, тура жолды таңдаған мұсылман әйелін Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Аллаhтың дініне деген ықыласы үшін қамқорлығына алып, күллі мұсылман баласының анасы болу құрметіне лайық көрді.

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ТАЙФҚА САПАРЫ
Ынсапсыз мүшріктер Әбу Тәліп пен Хазіреті Хадишаның өліміне қуанып қана қоймай, азалы сәтті пайдаланып, Хазіреті Мұхаммедке шабуылдап, зықысын шығарды. Тұс-тұстан тырақайлап бас салатындары сондай, ардақты Пайғамбарымыздың дінді уағыздауға шамасын келтірмейді.
Зығырданы қайнаған оны міндетіне деген адалдық туған жерінен жырақ кетуге жетелейді. Пайғамбардың таңдауы Сакиф тайпасының мекені – Тайфқа түседі Мақсаты – сакифтерді Исламға тартып, олардың арасынан өзіне арқа тұтар адамдар дайындау.
Тайф –Арабстанда бау-бақшасымен, мол жеміс-жидегімен аты шыққан жасыл желекті мекен. Сондай-ақ Расулаллаhтың сүт анасы да Тайфқа жақын маңда. Пайғамбарымыз Тайфтағыларға үлкен үміт артып, мұсылмандықты мойындар деген оймен жолға шыққан. Пайғамбарлықтың оныншы жылы, шәууал айының жиырма жетінші күні қасына Зәйд ибн Харисаны ертіп Меккеден шыққан ол Тайфқа келген бойда сакиф тайпасының аузы дуалы деген ақсақалдарымен жүздесуді жөн көреді. Өзінің келгендегі мақсатын айтып, қауымынан қолдау таппағанын баяндап, үндеуіне үн қосып, тура жолға түсулерін, қолдау көрсетулерін өтінді. Өкінішке қарай, он күн бойы тіл майын тамызып тәухидке шақырғанымен “сенікі дұрыс” деген жан баласы шықпады. Қолдамағандары былай тұрсын, ит қосып айтақтап, содыр-сойқандары сойылмен қуып, жан-жақтан тас жаудырып, қан-жоса қылды.
Сакиф тайпасы басшыларының бірі:
“Аллаh Тағала пайғамбарлыққа сенен басқа адам таппапты ма?” деп оттаса, енді біреуі:
“Менің саған айтар сөзім жоқ. Егер сен шынымен пайғамбар болсаң, айтқандарыңа қарсы шығып, басымды бәлеге соққым келмейді. Ал егер жалған айтып жар салған болсаң, босқа басымды неге қатырайын?” - деп басын ала қашты.
Сүйікті Аллаһтың Елшісі сакифтерден қайыр келмесін түсініп, кетіп бара жатып:
“Сендерден соңғы өтінерім – ең болмаса айтқандарымыз арамызда қалсын, жұртқа жаймаңдар” - деді.
Көңілдері перделенген сакифтердің үлкендерінің өзі:
“Өтініш айтатындай кім едің сен? Тез көзіңді құрт. Өз ағайындарыңа сөзіңді өткізе алмай, бізге сіңіскің келді. Оңайлықпен қулық асырмақ болдың ғой. Бізден аулақ жүр, ешбір өтінішіңді қабылдамаймыз”- деп пайғамбарға тас лақтырып, өршелене жүгірді.
Арсыз, ұждансыз тайфтықтардың әрбір соққысына кеудесін тосып, пайғамбарға қорған болуға ұмтылған Зәйдтің де үсті - басы қанға боялған. Жан-жақтан тас жаудырған қаныпезерлер алдарындағы екеу қиналған сайын қарқ-қарқ күлкіге кенелді.
Екеуі қаныпезерлерден қашқан күйі жүзім бақшасына кіріп жасырынды. Әбден әлі құрыған Хазіреті Мұхаммед бақшаның кіре берісіндегі жүзім ағашының астына жер бауырлап жата қалды. Бұл баудың иесі Утба және Шайба деген екі ағайынды жігіт.
Пайғамбарымыз солығын баса алмаған күйі Аллаh Тағалаға жалбарына бастады:
“Жаратқан жан ием!
Әл-дәрменімнің азайып, шарасыз қалғанымды, халықтан теперіш көріп қиналғанымды тек саған айтып шағымданамын.
Қайырымдылардың қайырымдысы Аллаhым!
Әлсіздердің жарылқаушысы, мүсәпірлердің қорғаушысы жалғыз өзіңсің. Менің раббым да сенсің.
Сенің мейірімің де шексіз, қатыгез дұшпан қысымына ұшыратпау да сенің қолыңда.
Рақымды да, мейірімді Аллаhым!
Сенің қаһарыңа ұшырамасам болды, басқа азаптың бәрі өткінші. Сонда да сенің қайырымдылығыңа сыйынамын.
Уа, Жаратқан!
Сенің қаһарыңа душар болудан, ризашылығыңнан аулақ қалудан, өзіңнің қараңғылықты сейілтетін, ақыретке дейін ұласатын нұрыңа сыйынамын.
Уа, Құдіретті Аллаhым!
Сенің ризашылығыңды тілеймін. Мүлт кетсем кешіре көр. Барша құдіреттің иесі сенсің!”
Жүзімдіктің иелері Хазіреті Мұхаммед пен Хазіреті Зәйдке жасалған қиянатты сырттай көріп, аяушылық білдіреді. “Кім де болса, адамның баласы ғой, ең болмаса солығын алсын”- деп құлдары Аддас арқылы оларға бір табақ жүзім беріп жібереді.
Аддас құл “Ләббай, тақсыр” деп зымыраған күйі жүзімді алып, бақшаға келеді де Аллаһ Елшісіне ұсынады. Расулаллаһ “Бисмиллаһ” деп, жүзімнен үзіп алып, аузына салады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) айтқанына ден қойған Аддас кідіріп қалады. Іштей “Уаллаһи, бұл сөзді бұл аймақтың халқы білмейді, айтпайды да “- деп ойлады.
Мұхаммед (с.а.у.) құлдың ойын дөп басқандай:
“Ей, Аддас! Сенің жұртың қайда? Қай дінге бағынасың?”- деп сұрайды.
Аддас:
“Ниновалықпын, христианмын”- деп жауап береді.
“Олай болса, сен ақиқаттың бастаушысы Юнус пайғамбардың жерлесі болып шықтың ғой?!”.
“Сен Юнус пайғамбарды қайдан білесің?”
“Неге білмейін, ол – менің бауырым. Юнус — пайғамбар. Мен де пайғамбармын.”
Аддас құлағына сенбей, сезімін тежей алмай, Расулаллаhты құшақтап, аяғына жығылды.
Сырттай болғандарды бақылап отырған бақша иелерінің бірі екіншісіне:
“Көрдің бе, әне, бетіне күле қарап едің, құлыңның басын айналдырып алды. Танымай-білмей жатып жақсылық жасаудың соңы неге ұрындырар екен?”- деп кіжінді.
Аддас қайтып келгенде екеуі бірден:
“Кімнің құлы екеніңді ұмытып, есіңнен танып қалдың-ау, сірә. Айдаладағы біреудің аяғына жығылғаның не?”- деп дүрсе қоя берді.
Аддас еш қысылмастан қожайындарына:
“Жер бетінде осы адамнан артық, одан қайырлы жан жоқ. Мен одан керемет нәрсе естідім, оның айтқандарын пайғамбардан басқаның білуі мүмкін емес. Ол – пайғамбардың нағыз өзі”- деп жауап берді.
Пайғамбарымыз сәл тынығып, сергіген соң жүзім бақшасынан шығып, Мекке бағытында жол алды. Сакиф тайпасына зәредей де болса ақиқатты ұғындыра алмауы жүрегін сыздатып, көңілін құлазытты. Амалсыздан үйреншікті соқпақпен ілгерілей берген. Меккеге екі күндік қашықтық қалғанда төбесінде бір шөкім бұлттың көлеңке түсіріп келе жатқанын аңғарды. Бажайлап қарағанда бұлттың ішінен Жебірейілді көрді.
Жебірейіл періште Мұхаммедке (с.а.у.):
“Аллаh саған халқыңның айтқандарын есітті. Сонан соң мына тауларға да сөзін өткізетін періштені жіберді. Қауымыңның басына азап төндіргің келсе, әп-сәтте тілегің орындалады”- деуі мұң екен таулар әміршісі – періште пайда болып, пайғамбарға басын иіп, қаласа Әбу Құбайыс пен Құайқан тауларын мүшріктерді тып-типыл ететіндей бір-біріне жақындастыра алатынын айтты.
Бірақ мейірім шуағының қайнары Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) талабы өзгеше.
“Жо-жоқ, менің жалғыз тілегім – Хақ Тағала осы мүшріктердің ұрпақтары арасынан болса да Аллаhтың бірлігін мойындап, тек соған ғана табынатын нәсіл жіберсе деймін.”
Екі дүниенің нұры, пайғамбарлар падишасының мақсаты- адамдарды қарғыспен жою немесе азаппен қинау емес, керісінше адамдыққа ұмтылдыру, иманмен сусындату, мәңгі бақытқа жеткізу. Әр қадамын басқан сайын осы мұратқа қол жеткізудің жөн-жосығын қарастырып, әрбір ісінде, осы бақилық мақсатын жүзеге асыруды көздейтін. Сондықтан да оның өмірінің әрбір минуты ғибадатқа есептеліп, әрбір сәті нұрлы амалдарға саналып артта қалып жатты…
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеге кірмес бұрын Нахла деген жерде бой жазып, тынығып алмақ ниетпен намазға тұрғаны сол еді, сол маңнан Нусайибн аталатын бір топ жын өтіп бара жатып, Құранның әуеніне елтіп, қалт тұра қалады. Соңына дейін тыңдап, ақиқатқа көз жеткізген олар сол жерде мұсылман болады да, өз тайпаларына оралған соң қалған жындарды да иманға шақырады. Құран Кәрімде бұл оқиға былай баяндалады:
Есіңде ме бір кезде жындардың бір тобын Құран тыңдату үшін әдейі саған қарай бағыттаған едік. Құранды тыңдауға келген уақытта бір-бірлеріне : «Тыныш, тыңдаңдар» деді. Оқылып біткеннен кейін әрқайсысы қауымдарына (Аллаһтың ауыр есебінің, азабының бар екендігін) ескертуші болып қайтты.
Ей, қауымдастар! Біз Мұсадан (а.с.) кейін түсірілген, өзіне дейінгілерді (кітаптарды) мақұлдайтын, хаққа және тура жолға бастайтын бір кітапты тыңдадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет