Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


Расулаллаhтың көкесін Исламға шақыруы



бет79/107
Дата13.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#185222
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

Расулаллаhтың көкесін Исламға шақыруы
Әбу Тәліп мүшріктермен арадағы әңгімеден соң:
“Уа, бауырым! Сенің оларға айтқандарыңнан ақиқат иісі аңқиды” - деді.
Қуанып кеткен Аллаh Расулы көкесі Әбу Тәліп мұсылмандықты қабылдайды деген үмітпен:
“Кел, көке! Сен де “лә илаһа иллаллаһ” де, ақыретте шапағатшың болайын” - деді.
Бірақ амал не, пайғамбарлар сәруарының жүрекжарды тілегіне көкесі күмілжіп жауап берді:
“Бауырым! Мен өлген соң жұрттың мені алжып, не айтқанын білмеді деп кінәламайтындықтарына көзім жетсе, өтінішіңді ойланбастан орындаған болар едім. Құрайыш ажалдан қорқып иманын айтты деп артымнан сөз қылатынын білгендіктен айтпаймын.”
Мұхаммед (с.а.у.) сонда да үмітін үзбей Әбу Тәліпті Исламға шақыруын қоймады. Науқастың қасына жиі-жиі келетін Әбу Жәһил мен Абдуллаһ ибн Әби Умаййа да Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) тілегін естіген сайын тыжырынып:
“Онсыз да қиналып жатқан адамның мазасын алмасаңшы, бізбен арпалысқаның аздай”- деп жақтырмайтын.
Жанындай сүйетін көкесінің ақыретте жауыз мүшріктермен бірдей мүшкіл халде қалуын қаламағандықтан Мұхаммед (с.а.у.) оны тәухидке шақыруын доғармады. Бірақ өкініштісі, Әбу Тәліп тілден қалғанша “мен аталарымның дінінен шықпаймын” деп жатты.
Ақыры сексен жеті жасқа қараған шағында қайтпас сапарға аттанды.
Осы оқиғаға байланысты Аллаhтан елшісіне аян келіп, онда былай делінеді:
Ақиқатында сен жақсы көрген кісіңді тура жолға сала алмайсың, бірақ Аллаh қалағанын тура жолға түсіреді. Кімнің хақ жолды қалайтынын нақты білетін де сол” (Қасас сүресі, 56-аят).
Көкесінің өліміне ардақты Пайғамбарымыздың мүбәрак жүрегі қан жылап, қайғы жұтты. Көзінен моншақтап аққан жас сақалын жуды. Соңғы сапарға аттандырарда:
“Аллаh саған рақым қылсын. Алдың жарық болсын”- деп, күбірлеп тұрды.
Әбу Тәліптің жүрегі тоқтаған сәтте Хазіреті Аббас та басы-қасында болған. Көзі жұмылып бара жатып Әбу Тәліптің “Лә иләһа иллаллаһ” дегенін естігенін айтқанда Хазіреті Мұхаммед:
“Мен өз құлағыммен естіген жоқпын”- деп жауап береді.
Көкесінің табытын алып кеткеннен кейін де артынан ұзақ қарап тұрып:
“Аллаhтың рақымы түссін, күнәларыңды кешірсін”- деп дұға етті.
Іле-шала төмендегі аяттар уахи болды:
Пайғамбарға немесе басқа мұсылмандарға туысқан да болса, жәһаннамдық екені белгілі мүшріктер үшін кешірім сұрау дұрыс емес” (Тәуба сүресі 113-аят).
Әбу Тәліптің өлімі ардақты да сүйікті Пайғамбарымызды мұңға шомдырып, терең ойға жетеледі. Бала жасынан қамқор болып, мүшріктердің азабынан қорғап келген аяулы жанның қазасы төбеден жай түскендей ауыр тиді.
Келмеске кеткен арысын, әке орнына әке болған қимасын пайғамбар көңілі шарқ ұрып іздеуде еді. Дегенмен пешенеге жазылғанға көндігу – Пайғамбар сабыры мен Аллаһқа берілуінің көрінісі. Өйткені, Ол әрдайым ақиқат қорғаушы – Аллаhтың назарында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет